gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақта тасқын су қызылкөлдің арнасын толтырып, тұрғындарды қуантты

8 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақта тасқын су қызылкөлдің арнасын толтырып, тұрғындарды қуантты
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл Түркістан облысы, Созақ ауданында қар мөлшерінен көп жауды. Бүгінде ауа температурасының күрт жылуы мен өткен апта соңында жауған жауын салдарынан сай-саладағы ағын су деңгейі артуда. Атап айтар болсақ, Төлегенсай, Асшысай, Сауранбайсай, Жидебайсай мен Жыландысайда еріген қардың салдарынан ағын су деңгейі артып, Үшбас өзеніне құйылуда.
Қазіргі таңда арнасынан асқан Үшбас өзенінен мол су келіп, қызыл таулардың ортасында қалған Қызылкөлге құйылуда. Мұнан бөлек, «Бабата» су қоймасынан қашырқы каналдар арқылы аққан су да келіп қосылып жатыр. Көп жылдан бері арнасы бұлай толмаған Қызылкөлдің қайырлары қалпына келіп, толқыны жағалуға келіп соғуда. Қызылкөлдің су молаюы – жақсы жаңалық.
Құмкент ауыл округінің әкімі Ғани Пәрдебекұлының айтуынша, биылғы қыста сай-салаға молынан түскен қар суларының нәтижесінде көлге келіп жатқан су мөлшері жылдағыдан едәуір көбейген.
– Бұл Құмкент ауыл округінің тұрғындары мен аудан халқы үшін қуантарлық жағдай, – дейді ол.
Previous Post

Ағын су мәселесі талқыланды

Next Post

Жетісайлық шаруалар қырыққабат егуді бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz