gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ағын су мәселесі талқыланды

8 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ағын су мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов аудандағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау, аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңге дайындығын білу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының басқа да мәселелеріне назар аудару мақсатында К-28, К-30 «Достық» магистральді каналының жағдайымен танысып, аймақ үшін ең өзекті саналған ағын су мәселесін сала мамандарымен бірге талқылады.
Кездесуде сала мамандары соңғы жылдарда аудандағы өзекті мәселеге айналған ағын су мөлшерінің тапшылығы жайлы, биылғы жылғы метеожағдайға байланысты орын алған жағдаяттар жайлы сөз етті.
Сондай-ақ, негізгі табыс көзін агросектордан алатын аймақ шаруаларының тозығы жеткен ағын су тарату каналдарының жөндеуден өтпеуінің салдарынан ағын су мөлшерінің көп бөлігі жерге сіңіп, буланып немесе жер асты суларының тартылып кетуі секілді себептермен егістік алқабына дейін дұрыс жетпейтінін, К-28, К-30 «Достық» магистральді каналының тармақтары күрделі жөндеуді талап ететінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 210 дана тік дренаж ұңғымасы жөндеуден өтсе жағдайдың жақсаратыны айтылды.
«Биылғы ауа-райының қолайсыздығы салдарынан туындаған қиындықтарға байланысты аудан шаруалары қысқы сор шаю, пал алу жұмыстарын бір айға кешіктіріп отыр.
Алдағы уақытта диханшылықтан ойдағыдай өнім алу үшін тиісті агрошараларды тездетіп бастауымыз және ауа-райының қолайлы сәттерін тиімді пайдалануымыз керек» дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Марат Абуов.
Кездесу соңында аудан басшысы еліміздің экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін, ауыл шаруашылығы өнімінің артуына ықпал жасайтын өтініштер мен көтерілген мәселелер бойынша салалық басқармалармен, тиісті министрліктермен жұмыс жүргізілетінін айтты.
Previous Post

Түркістан облысында биыл 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі

Next Post

Созақта тасқын су қызылкөлдің арнасын толтырып, тұрғындарды қуантты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz