gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды

14 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасыда 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Ордабасы ауданы, Шұбар ауылдық округінде, яғни Батыс Қытай — Батыс Еуропа автодәлізімен қиылысатын облыстық маңызы бар “КХ-63” Аққойлы-Шұбар-Бадам” автомобиль жолының бойында 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды.
Аталған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов, тиісті сала мамандары, кооператив жетекшілері және ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген (мал шаруашылығы, биогумус өндірісі және т.б.) 40-қа жуық кәсіпкер қатысты.
Оларға жобаның мақсаты кеңінен түсіндіріліп, несиелендіру тетіктері жөнінде кеңестер берілді.
Кешеннің жалпы жер көлемі 400 Га құрайды. Әрбір 50-100 бас мал бордақылауға 0,12 Га жер қарастырылған.
Жобадағы мал бордақылау кешені екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезеңде 11 650 мал бордақылау кешенін іске қосып, ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құру арқылы жеке кәсібін ашуға ниетті азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Екінші кезеңде — мал бордақылау кешенін
28 350 басқа ұлғайтылады. Нәтижесінде 800 адам (жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары) тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Жалпы, жоба аясында бір жылда 40 мың бас ірі қара бордақыланып, тірідей салмақта 17 920 тоннадан 9500 тонна таза ет өндіру жоспарлануда. Кешенде сиымдылығы 50, 100, 150, 200 басқа арналған жалпы 558 бірлік мал бордақылау алаңдары құрылатын болады.
Жоба аясында әкімшілік кеңсе, асхана, мал дәрігерлік бекеті, мал союға арналған заманауи нысандар, мал азығын сақтау қоймалары және т.б. нысандар инвесторлар есебінен бой көтереді.
Инфрақұрылым жүйесі (электр энергиясы, су, жол және т.б.) бюджет есебінен жүргізіледі.
Previous Post

Түркістан облысында 1000-ыншы мектеп ашылды

Next Post

Түркістан облысында жеті елдімекенге ауызсу құбыры тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz