gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жеті елдімекенге ауызсу құбыры тартылды

14 февраля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жеті елдімекенге ауызсу құбыры тартылды
Share on FacebookShare on Twitter
Президенттің қабылдауында болған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елдімекеннің ауызсумен қамтамасыз етілгені жөнінде мәлімет берді.
«Мемлекет басшысына су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елді мекеннің ауызсумен қамтамасыз етілгені жөнінде мәлімет берілді. Биыл 25 елдімекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен сумен қамтамасыз ету желісін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 56 елдімекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 елдімекеннің электр желілері жаңартылады.
Облыс әкімі өткен жылы 54 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 21-і пайдалануға берілгенін жеткізді. Биыл тағы 20 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 63 білім мекемесінің құрылысы мақұлданды. Бұдан бөлек, биыл ауылдық жерлерде 49 медицина нысаны салынады» делінген әкім баяндамасында.
Әкімнің айтуынша, былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құраған, ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқан. Бұл салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 184 579-ға жеткен.
Президентке Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Алдын ала қамданғанның нәтижесінде бес аудандағы 43 елді мекенді су басу қаупі жойылған. Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар ауданда жекелеген үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтанып, тұрғындар үйлеріне оралды. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр.
Previous Post

Ордабасыда 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды

Next Post

Сайрам ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz