Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы 52800 гектар жерді құрайды. Оның ішінде 20796 га суармалы жерлерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған.
Осы бағытта дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының көмегімен 18818 га жер жыртылды.
17 мың гектарға күздік бидай егу жоспарланса, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қарамұрт, Ақбұлақ, Жібек-жолы, Қарасу және Манкент ауылдық округтерінде нақты 10481-і егілді. Қалған егістік алқаптарына жаздық арпа және майлы дақылдарды егу көзделуде.
Сонымен қатар, аудан аумағында көп жылдық мал азықтық дақылдар 15900 га, оның ішінде жаңа жоңышқа 3530 га, картоп 4100 га, көкөніс 5923 га және де басқа дақылдар егіледі деп күтілуде.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті тұқым көлемімен толық қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағада жанар-жағар май, 50 пайызы мемлекеттен субсидияланатын минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағар майды белгіленген базалар арқылы алу мәселелері агроқұрылымдарға түсіндірілуде.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан анықталған «Майсс» және «MTS XXI» ЖШС-тері арқылы 1885 тонна жанар-жағар май таратылатын болады.
Техникалардың көктемгі жұмыстарға дайындығы 92 пайызды құрап отыр.
Егістік алқаптарға су беру маусымы 15 сәуірден басталады. Шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі жеткілікті.
Өз кезегінде шаруаларға қолдау көрсету жұмыстары өнім көлемін арттыруға, сапасын жақсартуға әрі екі өнім алуға оң септігін тигізеді.