gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында минералды су өнімдерін өндіретін зауыт салынады

3 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында минералды су өнімдерін өндіретін зауыт салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округі аумағынан жалпы құны 610 млн. теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Аталған жобаны «Saryagash Alpamys» ЖШС іске асырмақ.
Жоба іске асқан жағдайда 50 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 5,9 млн. литр су өндіру көзделген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Бекітілген кестеге сәйкес аудан басшысы Жәнібек Есенұлы Алпымыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді тыңдады. Алпамыс батыр ауылдық округі, Ақжол елді мекенінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінің бұрынғы ғимаратына қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биыл мұнда спорт алаңы салынып, пайдалануға беріледі. Ауылдық округтің орталық көшелері жөнделіп, гүлзар құрылысы қатар жүреді. Қауыншы елді мекенінде жаңа 600 орындық мектеп салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Кездесуде тұрғындар суармалы жер, ағын су, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, спорт алаңшаларын салу бойынша сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарды алды. Кездесуден кейін аудан әкімі жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген мәселелерді шешуге салалық бөлімдер мен ауыл әкіміне тапсырмалар берді.
Previous Post

Сарыағашта ауыз су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Next Post

Биыл облыста жылыжайлар көлемі 690 гектарға ұлғайып, 2259 гектарға жеткізіледі.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz