Төлеби ауданында былтыр аналық ірі қара малдың тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін 13000 басқа арттыру көзделген болатын. Бұл жоспар толығымен орындалды. Енді биыл, яғни 2023 жылы бұл аналық ірі қара малдың тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін 13000 басқа жеткізу мақсат етіліп отыр. Фермерлік шаруашылықта бас қойдың аналық 500 басын несиелендіру жолымен сатып алу көзделген болатын. Фермерлік шаруашылықтардан қойдың аналық 900 басы сатып алынып, жоспар артығымен орындалды. Биыл фермерлік шаруашылықтардан қойдың аналық 550 басын сатып алу межеленген.
Сонымен қатар, былтыр 450 бұқашықты бордақылау алаңдарына өткізу жоспарланған болатын. Бұл көрсеткіш 530 басқа жетіп, жоспар артығымен орындалды. 2023 жылы 450 бас бұқашықты бордақылау алаңдарына өткізілмек.
Отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында ірі 3 инвестициялық жоба іске асырылды. Атап айтар болсақ, Кемеқалған ауылдық округінде “Қазығұрт бақтары” АШӨК 500 тонналық қойма құрылысын жүргізіп, 150 млн теңге инвестиция тартылды. Көксәйек ауылдық округіндегі «Сақ» ЖК (басшысы Гулнар Мырзабекова) 3 га балық шаруашылығын (карп, фарель) ашып 2022 жылы жұмысын бастады. 4 адамды тұрақты жұмысқа тартылған. Өз қаржысы есебінен 150 млн. теңге инвестиция тартылды. Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС 1800 бастық мал бордақылау алаңын ұлғайтып, мал басын 3000 басқа жеткізіп, Аграрлық несие корпороциясы» АҚ-нан 536,0 млн теңге несиеге қол жеткізіп жұмыс жасауда.
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы Төлеби ауданында ірі қара мал 59,5 мың басты , ұсақ мал 154,9 мың басты, жылқы 32,9 мың басты, түйе 12 басты, құс 144,6 мың басты құрады. 2022 жылы 21,8 мың тонна ет, 75,1 мың тонна сүт, 18,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1450 ұсақ мал 145 алынып, жоспар толығымен орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша меже 300 бас ірі қара малды тұқымдық түрлендіру, 360 бас ірі қара мал алынып, меже 120 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 145 жылқы алу жоспарланып, бұл жоспар да толығымен орындалды.
10-15 басқа арналған 64 шағын мал бордақылау алаңдары ашылды. 27 жанұялық сүт өндіру тобы (фермасы) іске қосылды. Одан бөлек 14 шағын құс фермасын салынды.
Жалпы өңірімізде мал шаруашылығы қарқынды дамуда деуге болады. Өйткені, республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде.
Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды.
Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде. Жыл ішінде 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.
Айта кетейік, облыста 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл ішінде қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады.Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады. Сүт өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Төлеби ауданында «Фуд Мастер» ЖШС (жылына 76,2 мың тн.), Ордабасы ауданында «Бөрте Милька» ЖШС (жылына 17,5 мың тн.), Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тонналық 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК). Жеміс-көкөніс өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тн.), Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тн.), Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тн.).
Төлеби ауданында 10 өзен бар. Атап айтар болсақ, олар: Ақмешіт, Доңызтау, Біркөлік, Бадам, Ленгерка, Қасқасу, Сайрамсу, Балдыберек, Ақсу және Тоғыс өзендері.
Өзендер арқылы жылына 2 млд 300 млн текше метр су ағып өтеді. Біздің ауданға берілген лимит 66 млн текше метр. Пайдаланылғаны 20 млн м3. Бұл өзендерден 74 канал бастау алады. Каналдардың 36 (262,9 ш.қ) «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарайды. Қалған 38 (238,3 ш.қ) ауданның «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының меншігінде.
Ауданның суғармалы жер көлемі – 9813 гектар. Каналдардың 90 пайызы топырақты, сондықтан кейбір каналдарды жыл сайын механикалық тазалауды қажет етеді. Басқа каналдар 2-3 жылда бір механикалық тазалауды қажет етеді. Сонымен қатар, ауданда 3 су қоймасы («Ащы», «Ұзынбұлақ», «Шілтер») мен 4 су тоғаны («Кәусар-1», «Кәусар-2», «Кәусар-3», «Кәусар-4») және 1 «Абай су қорғау» бөгеті орналасқан.
2022 жылы көктем айларында жауын-шашынның көп болуына байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, көптеген канал бастарына айтарлықтай зақым келтірілген болатын. «Қыр» каналының сынып жарамсыз болған 6 дана лотогының орнына 11 метрлік құбыр орнатылды. Сонымен қатар, «Атбұлақ», «Озерный», «Планировочный» каналдары және «Кент» магистралды каналының 480 метр жері, аудан әкімдігінің ықпалымен «Қазсушар» республикалық коммуналдық меншігіндегі Тесіктас, Горный камень, Айналма және Блюскен-1 каналдарының 0,6 шақырымы қалпына келтірілді.
Көксәйек, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы ауылдық округтеріне қарасты (Жіңішке, 8-март, Көксәйек, Кент, Қара-Шора, Ұзын, Таш, Төңкеріс) каналдарының 6,5 шақырымы, сондай-ақ, Науытсай, Жаманжар, Аққұм ішкі және Момынайтас каналдарының 12,5 шақырым жерлері механикалық тазаланды.
Реті келгенде биыл атқарылатын шараларды да айта кетейік. Бұйыртса биыл ауданда “Қазсушар” РМК теңгеріміндегі 36 канал ауданның коммуналдық меншігіне алынады, “Ащы” су қоймасын іске қосу 694 га жерді суландырылады, «Ұзынбұлақ» су қоймасына электр энергиясы жеткізіліп, бейнебақылау және дабыл қаққыш орнатылатын болады.
Облыстада аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру, суармалы су тапшылығын төмендету мақсатында жылыжай шаруашылықтарын дамыту және су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Су үнемдеу технологиялары 7,2 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 30,3 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суару технологиясы – 26,1 мың га, жаңбырлатып суару технологиясы 4,2 мың гектарды құрады.
Жылыжайлардың жалпы көлемі 101 гектарға жетіп, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Елдегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында. Жаңадан 1293 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6%-ға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10%-ға арзандату, сондай-ақ, инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде аванспен алу мүмкіндігі кеңейтілді.
Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің төрттен бірі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар). «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 261,0 млн. текше метр қосымша ағын су жеткізетін стратегиялық маңызға ие 5 ірі жоба жүзеге асырылуда. «Түркістан магистральды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 59 шақырым канал бетонмен қапталып, қала аумағындағы 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Нәтижесінде жылына 60 млн. текше метр ағын су үнемделеді.
Каналдың су өткізу құрылымдарына австралиялық «Рубикон Воутердің» тәжірибесімен автоматтандыру жүйесі орнатылды. Сыйымдылығы 18,5 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба аясында жылына 31,0 млн. текше метр ағын су қосымша жеткізіледі. Сонымен қатар, «Боралдай» су қоймасын (65 млн.м3, жоба құны 15,0 млрд. тг.), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (65 млн.м3, жоба құны 16,9 млрд. тг.) жобалары әзірленуде. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» (40 млн.м3, жоба құны 4,07 млрд. тг.) жобасы іске асырылуда.
Аталған жобалар толық игерілгенде Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, 2022 жылы облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып, 1 су нысанын күрделі жөндеу (Отырар ауданындағы Р-1 каналы), 6 су нысанын ағымдағы жөндеу (Қазығұрт ауданындағы Р-4-4, Р-2 және облыстық коммуналдық меншіктегі Бөген, Қошқорған су қоймалары, Қараспан су торабы, Түркістан магистральды каналы) жұмыстары жүргізілді.