Сайрам ауданында мал шаруашылығы саласында 2022 жылы ірі қара мал басы 210,4 мың басқа жетті. Оның ішінде сиыр 70,6 мың бас 117,7 пайызға артты, қой-ешкі 106,6 мың бас, жылқы 77,1 мың бас, құстар 161,3 мың бас. Олардан алынған өнім 42,5 мың тонна тірі салмақта ет, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғында 102,6 пайызға артты, сиыр сүті 145,1 мың тонна – 102,7 пайызға, жұмыртқа 16,8 млн дананы құрады.
Жалпы ауданда 1038 мал бордақылау орындары бар, Осы бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың мал басы бордақылануда.
2022 жыл көлемінде ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша облыста көш бастады. Атап айтқанда: ЖК Абдиева, ЖК Алипбеков Нартай , «Қайып ата» ЖШС, «Нұрым Групп» ЖШС, «Сардор KZ» АШӨК, «Тұран Агро ет» АШӨК кәсіпорындары 15,7 мың тонна ІҚМ етін және 7,6 мың тонна қой еті экспортқа шығарды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан аумағында жалпы 11 дана көкөніс жемісті қайта өндейтін цехтар мен кәсіпорындар бар. Олардың жалпы қуаттылығы 13900 тонна. Қайта өңдейтін 18 дана кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасайды. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 116,0 мың тонна. Қайта өңдейтін 3 дана кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасайды. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 6300 тонна.
Ауданда жалпы сиымдылығы 21200 тонналық 3 бірлік жеміс көкөніс сақтау қоймалары бар. Ауданда 1313 ауыл шаруашылық техникалары тіркелген. 2022 жылы 120 жаңа техника алу жоспарланса, 12 айда 122 техника алынып, жылдық жоспар 101,6% орындалды.
Жалпы өңірімізде мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) Түркістан облысының үлесінде.
Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды.
Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде. Өткен жылы 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.
Облыста 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Былтыр қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады. Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады.
Сүт өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Төлеби ауданында «Фуд Мастер» ЖШС (жылына 76,2 мың тн.), Ордабасы ауданында «Бөрте Милька» ЖШС (жылына 17,5 мың тн.), Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тонналық 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК).
Ал, жеміс-көкөніс өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тн.), Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тн.), Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тн.). Айта кетейік, облыс көлемінде 1 967 ветеринар маман жұмыс істейді. Аудандық, қалалық ветеринариялық ұйымдар қажетті 257 техникамен және ветеринариялық препараттарды сақтауға қажетті тоңазытқыштармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Өткен жылы жан-жануарлардың аса қауіпті 16 түрлі ауруына қарсы 38 млн. доза вакцина жеткізіліп, екпе жұмыстары жүргізілді. Құтыру ауруының алдын алу мақсатында 65 150 қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды.
Облыстағы барлық жер қоры 11 млн. 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында – 4 518,5 мың гектар, елді мекендер – 799,7 мың гектар, өнеркәсіп, байланыс және т.б. – 125,1 мың гектар, ерекше қорғалатын аймақ – 430,4 мың гектар, орман қоры – 3 029,7 мың гектар, су қоры – 134,5 мың гектар, босалқы – 2 572,4 мың гектар аумақты алып жатыр.
2022 жылы 521,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды (оның ішінде жайылым 518,5 мың гектар). Елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылым жерлермен қамтамасыз етілді (қайтару жолымен – 412,2 мың га, меморандум арқылы – 622,6 мың га).