Аудан әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудан әкімінің орынбасары А.Таженов бастаған тиісті сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр ауылдық округтерінде көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты атқарылатын жұмыстар мен мемлекет тарапынан бөлінетін қолдаулар және несиелік жеңілдіктерді түсіндіру бойынша ауыл тұрғындары және шаруалармен жиындар өткізді. Атап айтқанда, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімдері мамандары, ауыл округінің әкімдері мен салаға жауапты мамандары, «Казсушар» РМК ТФ Шардара өндірістік бөлімшесінің өкілдері, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Майханов, «Ырыс» МҚҰ аудандағы өкілі әрі үйлестірушісі А.Тлеубаев қатысып отырды. Сала мамандары өз салалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиында негізінен ауыл шаруашылығына қатысты минералды тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесі мен жеңілдетілген жанар-жағармай жөнінде, көктемгі дала жұмыстарын атқаруға бөлінген несиелік қаржылар, 35 жасқа дейінгі жастарды 2,5 пайыздық жұмыспен қамту кәсіпкерлік бағдарламасы, «Ауыл ел аманаты» пилоттық жобасының ауданда іске асырылуы барысы, ауданда жаңадан ашылатын крахмал-сірне (жүгеріні терең өңдеу) зауытын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері егу мәселесі, ағын су, ортақ жайылым және тағы да басқа мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар беріліп, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.