gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Биыл Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға ұлғайтылады

2 марта, 2023
in Uncategorized
0
Биыл Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға ұлғайтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл облыста ауылшаруашылығы саласында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға ұлғайту да көзделіп отыр. Оның ішінде 9,9 мың гектар алқапта жаңбырлатып суғару әдісі қолданылмақ.

Жалпы өңірімізде аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру, суармалы су тапшылығын төмендету мақсатында жылыжай шаруашылықтарын дамыту және су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айталық, былтыр су үнемдеу технологиялары 7,2 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 30,3 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суару технологиясы 26,1 мың гектарда қолданылса, жаңбырлатып суару технологиясы 4,2 мың гектарды құрады.

Жылыжайлардың жалпы көлемі 101 гектарға жетіп, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Елдегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында. Бұйыртса, биыл қосымша 93 гектар алқапқа жылыжай салынатын болады. Ал, жалпы өңірімізде егіс көлемін 860 мың гектарға жеткізу, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектар алқапта іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылы 1346 бірлік ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу жоспарда бар. Айта кетейік, былтыр жаңадан 1293 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6 пайызға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25 пайызын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10 пайызға арзандату, сондай-ақ, инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде аванспен алу мүмкіндігі кеңейтілді.

Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты.

Республикадағы суармалы жерлердің төрттен бірі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар). «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 261,0 млн. текше метр қосымша ағын су жеткізетін стратегиялық маңызға ие 5 ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «Түркістан магистральды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 59 шақырым канал бетонмен қапталып, қала аумағындағы 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Нәтижесінде жылына 60 млн. текше метр ағын су үнемделеді.

Каналдың су өткізу құрылымдарына австралиялық «Рубикон Воутердің» тәжірибесімен автоматтандыру жүйесі орнатылды. Сыйымдылығы 18,5 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба аясында жылына 31,0 млн. текше метр ағын су қосымша жеткізіліп отыратын болады.

Қазіргі таңда «Боралдай» су қоймасын (65 млн.м3, жоба құны 15,0 млрд. тг.), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (65 млн.м3, жоба құны 16,9 млрд. тг.) жобалары әзірленуде. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» (40 млн.м3, жоба құны 4,07 млрд. тг.) жобасы іске асырылуда. Аталған жобалар толық игерілгенде Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан бөлек, 2022 жылы облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып, 1 су нысанын күрделі жөндеу (Отырар ауданындағы Р-1 каналы), 6 су нысанын ағымдағы жөндеу (Қазығұрт ауданындағы Р-4-4, Р-2 және облыстық коммуналдық меншіктегі Бөген, Қошқорған су қоймалары, Қараспан су торабы, Түркістан магистральды каналы) жұмыстары жүргізілді.

Мақтаарал ауданындағы коммуналдық меншіктегі 141 шақырымды құрайтын 54 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 12,9 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.

Previous Post

Түркістанда Аднан Мендерестің ескерткіші ашылды

Next Post

Әлеуметтік дүкендер қаншаға көбейді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz