gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қарқынды бау мен жүзім өсіруге басымдық беріледі

8 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында қарқынды бау мен жүзім өсіруге басымдық беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл облыста ауыл шаруашылығы саласындағы егіс көлемін 860 мың гектарға жеткізу, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасын 9303 гектар алқапта іске асыру жоспарланған. Мұнан бөлек, жаңадан 665 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу, сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тоннаға арттыру көзделіп отыр.

Жалпы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикада алдыңғы қатарда. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12 пайызы біздің өңірге тиесілі. Облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген, бұл республикалық көрсеткіштің 31%-ын құрайды. 2022 жылы саладағы өнім көлемі 1 036,6 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7 пайыз болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4 пайызды құрады. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 671 жаңа жұмыс орны ашылды.Реті келгенде мұны да айта кетейік, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп,  25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді.

Былтыр егіс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға егін егілді (2021 ж. – 845,5 мың га). Оның ішінде дәнді және бұршақтық дақылдар 313,7 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 220,9 мың гаектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 119,4 мың гектарға, майлы дақылдар 79,9 мың гектарға егілді. Айта кетейік, одан бөлек 126,3 мың гектарға мақта егілді. Агротехникалық іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізудің нәтижесінде дәнді дақылдар түсімділігі гектарына 4,9 центнерге артып (гектарына 24,8 центнерден),  778,0 мың тонна өнім өндірілді. Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі гектарына 9,5 центнерге артып (гектарына 239,4 центнерден), 2,9 млн. тонна өнім өндірілді.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша 123 ауыл округінде 8,4 мың гектарды құрайтын 2 911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Шитті мақтаның түсімділігі гектарына 2,4 центнерге артып (гектарына 28,6 центнерден), 362,0 мың тонна «ақ алтын» жиналды.

Облыста қарқынды бау 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баудан гектарына 300-350 центнер өнім алынуда.

Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша да облысымыздың алдыңғы қатарда келе жатқанын мақтаныш етуге болады. Мәселен, өндірілген мақтаның 100 пайызы, жүзімнің 76 пайызы, бақшаның 64 пайызы, жеміс-жидектің 40,0 пайызы, мақсарының 29 пайызы, жүгерінің 26 пайызы, көкөністің 25 пайызы Түркістан облысының үлесінде.

Ал, биыл жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаға жететін жеміс-көкөніс өңдеу жоспарланған. Жалпы облыста биыл егіс көлемін 21,9 мың гектарға артып 881,8 мың гектарға жеткізіледі деп күтілуде. Соның ішінде мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді дақылдар, оның ішінде: бұршақты дақылдар — 30,0 мың гектарға (маш, лобия), дәндік жүгері 65,0 мың гектарға ұлғайтылады. Көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Ылғал, су үнемдеу технологиялары ендірілген алқап 52,0 мың га құрайды. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын кеңінен өндіріске ендіру тұрақты жалғасын табады. Егіс көлемін ұлғайтудың негізгі бөлігі Шардара ауданы «Жаушықұм алқабын игеру» жобасы арқылы 12,0 мың гектар суармалы жер қосымша қосылып, жылына 14,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі.

Previous Post

Ауыл шаруашылығы саласында инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту көзделуде

Next Post

Дизель отынының 1 литрі – 202,0 теңге

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz