gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инвесторлар Шардара ауданының диқандарынан жүгеріні шикізат ретінде қабылдауға әзір.

5 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Инвесторлар Шардара ауданының диқандарынан жүгеріні шикізат ретінде қабылдауға әзір.
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданына қарасты Алатау батыр ауылында «Шебер» ҚБ тігін фабрикасы мен «Сая» фермер қожалығындағы күріш өңдеу цехы бар. Ауылдық округтегі тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындар осылар. Сонымен қатар мұнда салынатын қуаттылығы жылына 100 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы, жүгері дақылын тереңдетіп өңдейтін зауыттың жобасы да қолға алынуда. Жақында облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы зауыт салуға ниетті инвесторлармен кездесіп, құрылыс жұмыстары мен өндіріс орнының әлеуетін талқылады. Бұл зауыт іске қосылса 500 адамды жұмыспен қамту көзделген.

— Біз зауытты іске қоспай тұрып ауданнан жүгері дақылын егуге арналған аумақтарды белгілеудеміз. Шикізат қоры мол болу керек. Сонымен қатар Шардара ауданының диқандарынан жүгеріні шикізат ретінде қабылдауға әзірміз. Ол үшін зауыт шаруаларға көмектесуге дайын», — дейді инвесторлар.

Айта кетейік, жалпы облыста өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылға 815,4 млрд. теңге болып жоспарланып, жыл қорытындысында 866,6 млрд. теңгеге немесе 115,5 млрд. теңгеге артық орындалды.

Өнеркәсіп өнімінің 49,1%-ын құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазу саласында 425,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

2022 жылы жалпы құны 17,7 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба іске қосылып, 986 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында

10 маңызды жоба анықталды. Бұл жобалар өңірге 1,5 трлн. теңге инвестиция тартып, 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы қатарда. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12%-ы біздің өңірге тиесілі.

Облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген, бұл республикалық көрсеткіштің 31%-ын құрайды. 2022 жылы саладағы өнім көлемі 1 036,6 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7% болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4%-ды  құрады.

Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп,  25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді.

Егіс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға егін егілді (2021 ж. – 845,5 мың га). Оның ішінде:

дәнді және бұршақтық дақылдар – 313,7 мың гектарға, мал азықтық дақылдар – 220,9 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 119,4 мың гектарға, майлы дақылдар – 79,9 мың гектарға егілді.

Реті келгенде айта кетейік, Шардарада бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындық басталып кетті. Сала мамандары шаруалардың жанар-жағармайдан таршылық көрмейтінін айтады. Жақында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша биылғы енгізілген өзгерістер туралы, тасымалдау, жеткізіп беру, жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасын нақтылау жөнінде ауыл округтерінде 2023 жылдың 3-4 наурыз күндері шаруалармен тиісті түсіндірмелік кездесулер өткізілді. Кездесуге аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты мамандары, ауыл әкімдері және тиісті сала мамандары, Шардара ауданына 2023 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жанар- жағармайды тауар өндірушілерге жеткізіп беру үшін Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінетін жанармайды (дизель отынын) таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық жұмысшы топ комиссиясының тарапынан бекітілген операторлар «Майсс» ЖШС (Т.Альсатов) және «KZ Мұнай 2» ЖШС-ның (Е.Поштаев) басшылары, АШӨК, шаруа қожалық төрағалары, ауыл жанар-жағармай бекетінің иелері қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Оразбаев ауылдарда өткізілген жиындарды жүргізе отырып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының бекіткен кестесіне сәйкес, жанар-жағармайды (дизель отыны) агроқұрылымдардың уақтылы алу, шаруаларға тікелей бағасы 1 литрі 206 теңгеден қолжетімді сатылу керектігін айта келе, 2023 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынын тасымалдау, жеткізу барысында енгізілген өзгерістер жайлы түсіндіру үшін бекітілген операторларға сөз кезегін берді.

Операторлар өз тарапынан биылғы шаруалардың жанар-жағармай алу тәсіліне «ПИНКОД» жүйесі енгізілгенін, яғни «Петросан» ЖШС-нан шаруалар тікелей барып тасымалдап алып келуіне немесе операторлар арқылы тікелей шаруаларға жеткізілуі туралы және де т.б мәселелер жөнінде тоқталып өтті. Сонымен қатар бұл мәселе Үкіметтің, облыстың, ауданның тікелей назарында тұрғандығын ескертіп, ешқандай мәселе болмайтындығын жеткізді. Шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірлесіп ұйымдасқан түрде жұмыс жасауға уағдаласты.

Оқырманға ақпарат үшін айта кетейік, Шардара ауданына 2023 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін ақпан, наурыз, сәуір және мамыр айларына барлығы: 2860 тонна жанар- жағармай бөлінген. Оның ішінде:

«Майсс» ЖШС-іне- 1430 тонна, яғни, ақпан – 260 тн, наурыз – 390 тн, сәуір – 390 тн, мамыр – 390 тн;  « KZ Мұнай-2» ЖШС-іне -1430 тонна, яғни, ақпан – 260 тн, наурыз – 390 тн, сәуір – 325 тн, мамыр– 455,0 тн тасымалдауға бөлінген. Ақпан-мамыр аралығында Шардара ауданына бөлінген жанар- жағармайдың облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бекітілген калькуляциясына сәйкес орташа сату бағасы 1 литрі 206,0 теңгеден деп белгіленді.

Мұнан бөлек Шардарада жақында аудан әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудан әкімінің орынбасары А.Таженов бастаған тиісті сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр ауылдық округтерінде көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты атқарылатын жұмыстар мен мемлекет тарапынан бөлінетін қолдаулар және несиелік жеңілдіктерді түсіндіру бойынша ауыл тұрғындары және шаруалармен жиындар өткізді. Атап айтқанда, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімдері мамандары, ауыл округінің әкімдері мен салаға жауапты мамандары, «Казсушар» РМК ТФ Шардара өндірістік бөлімшесінің өкілдері, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Майханов, «Ырыс» МҚҰ аудандағы өкілі әрі үйлестірушісі А.Тлеубаев қатысып отырды. Сала мамандары өз салалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиында негізінен ауыл шаруашылығына қатысты минералды тыңайтқыштарды субсидиялау мәселесі мен жеңілдетілген жанар-жағармай жөнінде, көктемгі дала жұмыстарын атқаруға бөлінген несиелік қаржылар, 35 жасқа дейінгі жастарды 2,5 пайыздық жұмыспен қамту кәсіпкерлік бағдарламасы, «Ауыл ел аманаты» пилоттық жобасының ауданда іске асырылуы барысы, ауданда жаңадан ашылатын крахмал-сірне (жүгеріні терең өңдеу) зауытын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері егу мәселесі, ағын су, ортақ жайылым және тағы да басқа мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар беріліп, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Биыл аталмыш ауданда көктемгі дала жұмыстарын уақытылы ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтарында аудан әкімінің №2-6Ө өкімімен «2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына жәрдемдесу жөнінде аудандық штаб» құрылды. Бұйыртса, 2023 жылы ауданда 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Атап айтқанда: күздік бидай – 1100 гектар, жаздық арпа – 1500 гектар, күріш – 1200 гектар, дәндік жүгері – 3560 гектар, маш – 670 гектар, мақта – 11200 гектар, ескі жоңышқа – 20010 гектар, жаңа жоңышқа – 4100 гектар, сүрлемдік жүгері – 4250 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 600 гектар, бақша – 9360 гектар жерге егілетін болады. 2023 жылы мақтаның егіс көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 4443 гектарға азайтылып, орнына мал азығы және бақша дақылдарының көлемін арттыру жоспарланған.

Бүгінге дейін күзгі жер жырту жұмыстарының межеленген 36 617 га жердің 14 775 га жері жыртылды. Жер жырту жұмыстары ауа райының жылы күндері жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығына келсек, жер жыртатын ауыл шаруашылығы техникалары жеткілікті. Қолда бар 1898 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының 93% көктемгі дала жұмыстарына дайындалған. Оның 102 данасы жаңадан сатып алынған. Сондай-ақ, Ауыл округтері бойынша 2023 жылғы көктемгі егіске байланысты сор шаю мен ылғалдандыру жұмыстарын атқару бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп,жүзеге асуда.

Previous Post

Шаруалар жанар-жағармайдан таршылық көрмейді

Next Post

Түркістан облысында 71 347,1 мың шаршы метр үй іргелік қора-жайлар залалсыздандырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz