Былтыр облыста эпизоотиялық 16 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы 38,0 млн доза вакцина жеткізіліп ауыл шаруашылық жануарларына егу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде энзоотиялық ауруларға қарсы 537 659,0 мың теңге бөлініп инсектоакарицидті препараттар сатып алынды. Жануарларды және қоражайлармен жапсарлас аумақтарды, суаттарды, мал иірімдерін залалсыздандыру еңбек ақысына 436 966,0 мың теңге бөлініп, тиісті шаралар атқарылды.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін көктем және күз мезгілінде залалсыздандыру жұмыстары бойынша 2 874,3 мың бас ірі малдарға (түйе, жылқы, сиыр) 143,7 мың флакон (100 мл), 9 322,7 мың бас ұсақ малдарға (қой, ешкі) 93,2 мың флакон (100 мл) «Ивервет Е» препараты егілді.
71 347,1 мың шаршы метр үй іргелік қора-жайлармен, жапсарлас аумақтарды залалсыздандыруға 35,7 мың, тонна «Дизицип» препараты пайдаланылды. 27 936,0 мың шаршы метр суаттар мен мал иірімдерін залалсыздандыруға 111,7 мың тонна «Фентифип Супер» инсектоакарицидтік препараты сатып алынды.
Жылқылардың сақау ауруына қарсы 92,9 мың доза «Ақынтай» препараты, ал түйенің Су ауруына қарсы 28,2 мың доза «Хинажект форте» препараты қолданылды. Ұсақ малдардың салмонеллез ауруына қарсы 343,4 мың доза «Ауыл шаруашылығы жануарларының сальмонеллезіне қарсы поливалентті вакцина» ветеринариялық биопрепараттар сатып алынып тиісті шаралар қолға алынды.
Енді диагностикалық тексерулердың нәтижелерімен бөліссек. Сарып ауруына қарсы –1016,4 мың бас (100%) ірі қарадан, 30,0 мың бас түйеден (100%) және 4012,2 мың бас уақ малдардан қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаларда тексерілді. Нәтижесінде, 218 бас ірі қара, 498 бас ұсақ малдар және 2 бас түйе ауруға «оң» нәтиже көрсетіп арнайы мал сою орнында сойылып, өңделді. Ауруға «оң» нәтиже көрсеткен ауру жануарларының нарықтық құнының 70 %-ы мал сою бекеті есебінен, 30 %-ы бюджет есебінен мал иесіне 27 303,0 мың теңге өтемақы төленді.
Қаңғыбас ит мысықтарды аулап жою жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсақ. Облыс бойынша аса қауіпті құтыру ауруының алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында (107 296,0 қаржыға) қаңғыбас 48 550 бас ит мысықтарды аулап жою жоспарланып, 64 739 бас (о.і.-62 706 ит, 2033 мысық) ауланып жойылды.
Реті келгенде айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 1948-2022 жылдары «сібір жарасы» ауруының 316 дана ошағы анықталған. 2022 жылы анықталған 316 ошақты залалсыздандыру, күтіп ұстау мақсатында 18,2 млн теңге қаржы қаралып, каустикалық сода ертіндісімен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, аталған қаржыға облыс бойынша 215 дана мал өлексесін тастайтын шұңқырларды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін 2022 жылы ірі қара малға 446 300 дана, уақ малға 2 588 760 дана, түйеге 7513 дана қажетті атрибуттар жеткізілді. Қазіргі таңда 375 940 бас ірі қара мал (90%) мен 1 741 777 бас уақ мал (98%), 6653 бас түйе (90%) бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді.
Облыста мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде.
Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды. Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Облыс көлемінде 1 967 ветеринар маман жұмыс істейді. Аудандық, қалалық ветеринариялық ұйымдар қажетті 257 техникамен және ветеринариялық препараттарды сақтауға қажетті тоңазытқыштармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.



