gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебиде ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі артқан

5 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебиде ауыл шаруашылығына тартылған  инвестиция көлемі артқан
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында өткен жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 61 млрд 684,8 млн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызды құрады. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 72 млрд 140 млн теңгеге жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, өткен жылдың 12 айында ауданда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция өсімін 4 млрд теңгеге жеткізу көзделген-ді. Бұл көрсеткіш 4 млрд. 23,1 млн. теңгені құрап, жоспар артығымен орындалды. Бұл бағыттағы биылғы меже – 4,2 млрд теңге.

Ал, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемін 1 млрд 500 млн теңгеге жеткізу жоспарланған болатын. Бұл жоспардың орындалуы -1119,3 млн. теңге болды. Яғни, жоспар 74,6 пайыз орындалды. Биыл бұйыртса тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін 1545 млн. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Ауданда 2022 жылдың (үй іргелік жерді қоса есептегенде) өніміне егілген егіс көлемі – 65546,3 гектарды құрады. Оның ішінде 22182 гектар астық дақылдарының түсімділігі 21,3 ц/гектарға айналып, 47279,4 тонна өнім жиналды. Тарқатып айтар болсақ, 15043,3 гектар бидайдан 32643,9 тонна, 7139,4 гектар арпадан 14635,5 тонна, 2,4 гектар жүгеріден 4,8 тонна, 100 гектар ноқаттан 251,9 өнім жиналы. Сонымен қатар, 10555,2 гектар мақсарыдан түсімділігі 14 ц/гектарға айналып, 14777,2 тонна өнім жиналды. Ал, 1417 гектар картоптан, түсімділігі 175,5 ц/гектарға айналып, 24868,4 тонна өнім жиналды. 1916 гектар көкөністен, түсімділігі 185,6 ц/гектарға айналып, 35564,7 тонна өнім алынды. 29378 гектар жоңышқадан, түсімділігі 31 ц/гектарға айналып, 90978 тонна өнім жиналды, 50 гектар сүрлемдік жүгеріден,  түсімділігі 100 ц/гектарға айналып, 500 тонна өнім жиналды. 14920 тонна жеміс-жидек және 996 тонна жүзім алынды.

Жалпы елімізде ауылшаруашылығы саласында жалпы өнім көлемінің 12%-ы Түркістан облысына тиесілі. Облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген, бұл республикалық көрсеткіштің 31%-ын құрайды. 2022 жылы саладағы өнім көлемі 1 036,6 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7% болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4%-ды  құрады.

Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 жаңа жұмыс орны ашылды.  Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп,  25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, егіс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға егін егілді (2021 ж. – 845,5 мың га). Оның ішінде дәнді және бұршақтық дақылдар – 313,7 мың гектарға, мал азықтық дақылдар – 220,9 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 119,4 мың гектарға, майлы дақылдар – 79,9 мың гектарға егілді. Агротехникалық іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізудің нәтижесінде дәнді дақылдар түсімділігі гектарына 4,9 центнерге артып (гектарына 24,8 центнерден),  778,0 мың тонна өнім өндірілді. Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі гектарына 9,5 центнерге артып (гектарына 239,4 центнерден), 2,9 млн. тонна өнім өндірілді.

Previous Post

Түркістан облысында 71 347,1 мың шаршы метр үй іргелік қора-жайлар залалсыздандырылды

Next Post

Төлеби ауданында 74 кәсіпкерге дала жұмыстарын жүргізуге жанармай берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz