gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Республикада өндірілген мақтаның 100 пайызы Түркістан облысының үлесінде

6 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Республикада өндірілген мақтаның 100 пайызы Түркістан облысының үлесінде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 14,4 мың гектарға артып 859,9 мың гектарға орналастырылды. Оның ішінде дәнді және бұршақтық дақылдарға арналған егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 19,1 мың гектарға артып, 313,7 мың гектар болды. Сонымен қатар, мал азықтық дақылдарға көңіл бөлініп, оның егіс көлемі 5,6 мың гектарға артып, 220,9 мың гектарды құрады. Мақта дақылы 126,3 мың гектар болды. Картоп, көкөніс, бақша дақылдары 9,6 мың гектарға қысқартылып, 119,4 мың гектар болды. Майлы дақылдар 5,2 мың гектар қысқартылып, 79,9 мың гектар болды. Ал, күріш дақылы 3,1 мың гектарға қысқартылып, 1,5 мың гектарды құрады.

72,3 мың тонна 522 түрлі минералды тыңайтқыштар 50 пайыздық жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 96,0 мың тонна жанар-жағар май босатылды. Жаңадан 1293 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6 пайызға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25 пайызын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10 пайызға  арзандату, сондай-ақ инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін аванспен алу мүмкіндігі ықпал етті.

Нәтижесінде, дәнді дақылдар түсімділігі 4,9 ц/гектарға артып, 24,8 ц/гектардан 778,0 мың тонна өнім жиналды. Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі 9,5 ц/гектарға артып 239,4 ц/гектардан 2,9 миллион тонна өнім өндірілді. Шитті мақтаның түсімділігі 2,4 ц/гектарға артып 28,6 ц/гектардан                362,0 мың тонна өнім жиналды. Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыс алдыңғы қатарда. Айталық, өндірілген мақтаның — 100 пайызы, жүзімнің — 76 пайызы, бақшаның –  64 пайызы, жеміс-жидектің — 40,0 пайызы, мақсарының — 29 пайызы, жүгерінің — 26 пайызы, көкөністің – 25 пайызы облыстың үлесінде. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру үшін қазіргі заманғы ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және озық инновациялық әдістерге көшу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде» дейді сала мамандары.

Су үнемдеу технологиялары 7,2 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 30,3 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суғару технологиясы 26,1 мың гектарды, жаңбырлатып суғару технологиясы 4,2 мың гектарды құрады. Жылыжайлар 101 гектарға салынып, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру мақсатында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 123 ауыл округте 8,4 мың гектарды құрайтын 2411 жоба жүзеге асырылып 246,0 мың тонна өнім өндірілді.

Previous Post

Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай тасмалдау мәселесі күн тәртібінде

Next Post

Сайрам ауданында 124 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz