gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері отау құрды

9 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері отау құрды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы №2 балалар ауылынан түлеп ұшқан жас қыран Болат қазіргі таңда облыстық жасөспірмдер үйінде қанаты қатайып, Шымкенттегі №4 балалар үйінің түлегі Елизаветамен отау құрды. Екі жастың шаңырақ көтеру тойы жасөспірімдер үйінің акт залында жоғары дәрежеде аталып өтілді.
Жасөспірімдер үйінің ұжымы жастарға қолдау көрсетіп, керемет беташар мен той ұйымдастырды.
Беташарда келінге Төлебидегі №2 балалар ауылы басшысының орынбасары Әлия Бейсембаева орамал салып, келіннің бетін Түркістан облыстық білім басқармасының басшы орынбасары Ардақ Садықова Ардақ ашып, жастарға сыйлық тарту етті.
№4 балалар үйі ұжымы Елизаветаға төркін болып, кілем ыдыс-аяқ, көрпе-төсек сынды қыз жасауын әзірледі.
Айта кетейік, Облыстық жасөспірімдер үйінің негізгі мақсаты: 16 мен 23 жас аралығындағы балалар үйі түлектері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің, әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау, өз тілектеріне сай қоғамға, оның ішінде еңбек нарығына белсене араласуын қадағалау, жеке қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу және кәсіби мамандануын бақылауға алу, жұмысқа орналасуына көмек көрсету.
Previous Post

Ордабасыда бір ауылда сүт фермалары, екіншісінде мал бордақылау алаңдары ашылады

Next Post

Түркістанда наурыз мерекесіне орай алғаш рет халықаралық аграрлық көрме-жәрмеңке өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz