gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда бір ауылда сүт фермалары, екіншісінде мал бордақылау алаңдары ашылады

9 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасыда бір ауылда сүт фермалары, екіншісінде мал бордақылау алаңдары ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында егістік көлемі 70 400 гектарды құрайды. Өткен жылы 69 553 гектар болған. Ағымдағы жылға 5510 тонна минералды тыңайтқыштар қаралған болса, оның 4460 тоннасы жаздық дақылдарға, қалған 1 050 тоннасы күздік бидайға арналған. Ауданда егін егетін 135 агроқұрылым бар болса (бір алқаптан 2-3 рет өнім алатын), олар 405 гектар жерді игеруді жоспарлап отыр.

“Кең дала” бағдарламасымен көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін шаруаларға сыйақыларының мөлшерлемесі 5 пайызбен несие берілмек. Сонымен қатар бірнеше ауылдық округте каналдар механикалық тазаланудан өткізілмек. Көктемгі дала жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың әлі де болса кемшін тұстары бар екенін айтқан аудан әкімі Нұрбек Бадырақов тиісті салаға жауапты мамандарға біртқатар тапсырмалар жүктеді.

— Егіс көлемі әлі де болса зерделеуді қажет етеді. Ауыл әкімдері өздерінде қанша шаруашылық бар екенін, олардың қанша гектарға қандай егін егетінін, оларға нақты қанша тонна жанар-жағар май, қанша тұқым қажет екенін жатқа білулері тиіс. Күн жылып қалды. Жыртылатын жерлердің көлемін нақтылаңыздар да жер жырту жұмыстарына тездетіп кірісіңіздер. Судан тапшылық болмайды. Ең бастысы, ауыл әкімдері, Сіздер ауылдық округтеріңіздегі шаруалармен байланысты күшейтіңіздер!, — деді аудан әкімі.

Айта кетейі, өңірде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған “Ауыл аманаты” пилоттық жобасына ауданнан екі ауыл (Шұбар,Бадам) еніп отыр. Олардың бірінде отбасылық сүт фермаларын (Бадам а/о), екіншісінде мал бордақылау алаңшаларын ашу (Шұбар а/о) жоспарлануда. Жалпы екі ауыл округте 300-ден астам жоба іске асып, 392 жұмыс орны құрылатын болады. Аталған жоба бойынша қос ауылда арнайы сауалнама жүргізіліп, халықтың нақты қандай шаруашылықпен айналысқысы келетіні анықталған. Олардың дені мал, құс, өсімдік, балық шаруашылықтары және т.б.

 

Жалпы Түркістан облысында мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде. Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді.

Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды.

Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде. Жыл ішінде 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді. Облыста 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.

Жыл ішінде қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады. Айта кетейік, ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады. Сүт өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Төлеби ауданында «Фуд Мастер» ЖШС (жылына 76,2 мың тн.), Ордабасы ауданында «Бөрте Милька» ЖШС (жылына 17,5 мың тн.), Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тонналық 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК). Жеміс-көкөніс өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тн.), Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тн.), Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тн.).

Облыс көлемінде 1 967 ветеринар маман жұмыс істейді.

Previous Post

Сауран ауданында суармалы судың мәселесі талқыланды

Next Post

Түркістан облысында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері отау құрды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz