gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында суармалы судың мәселесі талқыланды

9 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында суармалы судың мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter
«Тұран су» ШЖҚ МКК мекемесі мен Сауран ауданы әкімдігінің жауапты мамандары бірлесе отырып көктемгі дала жұмысарын тиімді ұйымдастыруға байланысты келелі кеңес өткізді. Осы мақсатта Жаңа Иқан, Достық, Шаға, Шорнақ, Майдантал, Қарашық Шүйнек, Ораңғай және Үшқайық ауыл округтері бойынша шаруалармен кездесу өткізіліп, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелермен бірге, шаруаларға су жеткізетін ішкі арық атыздарды тазалау, көктемгі ылғал суларын тиімді пайдалану тетіктері талқыланды.
«Тұран су» ШЖҚ МКК мекемесі басшысының орынбасары Қ.Үсенбаев, көктемгі ылғал суларын тиімді пайдалану негізінде, арналардағы және су қоймаға келген суларды транзитті негізде пайдаланып, шаруаларға су беруге дайын екендігін хабарлады. Өйткені, қазіргі уақытта табиғаттан келген тасқын суларды қашыртқыға тастамай, егістік алқаптардың ылғал сақтау суларына, ескі жоңышқалар мен бауларды суғарып алу тиімділігі, әрі қойманы қайта суға толтыратындықтан маусымдық су жетіспеушілікке жеңілдік болатындығын шаруаларға кеңінен түсіндірді. Ал өз кезегінде Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Оразбаев, көктемгі ылғал суларын пайдаланудың тиімділігін шаруаларға жан-жақты түсіндіріп, ауыл округ әкімдері атқаруы тиіс жұмыстарды нақтылады.
Бұл ретте ішкі арықтардың шаруаларға зиян келтірмейтін жағдайын қарастыра отырып суға нақты қажеттілікті анықтап, «Тұран су» ШЖҚ МКК мекемесіне арналарды көрсете отырып суға сұраныс беруді тапсырды.
Previous Post

Сарыағаштық шаруалар 1 алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында белсенді жұмыс атқаруда

Next Post

Ордабасыда бір ауылда сүт фермалары, екіншісінде мал бордақылау алаңдары ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz