gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда суармалы жерлердің 95, 2 пайызы игерілмек

10 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырарда суармалы жерлердің 95, 2 пайызы игерілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың айтуынша, ауданда өткен жылы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен аудандағы ауылшаруашылығы саласы бойынша жалпы егіс көлемінің 2022 жылға жоспары 34 844 гектар болса, орындалуы 36 195 гектарды құрап, егіс көлемі 1351 гектарға артқан.  Ауданның даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 га ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеру жоспарланып отыр. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар күздік бидай егуге басымдық берілмек.

Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып, осы әдіспен егілген егін көлемін 4100 гектарға жеткізу көзделуде.

2022 жылдың қорытындысына сүйенер болсақ, Отырар ауданында мал басының да көбейгенін аңғаруға болады. Айталық, мүйізді ірі қара 59 927 басты құрап 101,4 пайызға, уақ мал 408 089 басты құрап 105,8 пайызға, жылқы 19 445 басты құрап 106,3 пайызға өссе, түйе 9 700 басты құрап 101,6 пайызға көбейген. Қазіргі таңда ауданда шағын және орта бизнес саласында өндірісті дамыту бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемін арттырып, 780 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Реті келгенде айта кетейік, былтыр Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 1 036,6 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7 пайыз болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4 пайызды  құрады. Сонымен қатар, нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп,  25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді. Егіс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға егін егілді (2021 ж. – 845,5 мың га). Оның ішінде дәнді және бұршақтық дақылдар 313,7 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 220,9 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 119,4 мың гектарға, майлы дақылдар 79,9 мың гектарға егілді.

Жалпы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша  республикада алдыңғы қатарда. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12%-ы біздің өңірге тиесілі. Облыста мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде.

Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды.

Облыста 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде. Жыл ішінде 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді. Өңірімізде 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.

Жыл ішінде қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады.

Кеңірек тоқтала кетейік, ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады.

Previous Post

Инвесторлар Түркістаннан томат пастасы өндірісін ашуға қызығушылық танытты

Next Post

Арыстықтарға төмендетілген бағамен 1,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz