gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыстықтарға төмендетілген бағамен 1,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

10 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыстықтарға төмендетілген бағамен 1,5 мың тонна дизель отыны бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter

Арыста ауыл шаруашылығы саласында жақсы көрсеткіштер бар. Былтыр 23,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6 млрд. теңгеге артты. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан арыстықтарға төмендетілген бағамен 1,5 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Толғырақ айта кетейік, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарамасы тарапынан Арыс қаласы аумағында орналасқан агроқұрылымдардың егістік жеріне байланысты бөлінген дизел отынын жеткізіп беруші опертор ретінде «Сити-Ойл» ЖШС-гі мен «Қаз Петрол Трейд» ЖШС-гі бекітілді. Сондай-ақ, 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген баға тарифі – 204 теңге болып белгіленді және бұл бағытта бөлінген дизель отыны – 1 560 тоннаны құрайды.

Ал, былтыр облыста көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 96 мың тонна жанар-жағармай босатылды. Агротехникалық іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізудің нәтижесінде дәнді дақылдар түсімділігі гектарына 4,9 центнерге артып (гектарына 24,8 центнерден),  778,0 мың тонна өнім өндірілді. Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі гектарына 9,5 центнерге артып (гектарына 239,4 центнерден), 2,9 млн. тонна өнім өндірілді. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша 123 ауыл округінде 8,4 мың гектарды құрайтын 2 911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді. Шитті мақтаның түсімділігі гектарына 2,4 центнерге артып (гектарына 28,6 центнерден), 362,0 мың тонна «ақ алтын» жиналды.

Сонымен қатар, республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша да облыс алдыңғы қатарда, өндірілген мақтаның 100 пайызы, жүзімнің 76 пайызы, бақшаның 64 пайызы, жеміс-жидектің 40,0 пайызы, мақсарының 29 пайызы, жүгерінің 26 пайызы, көкөністің 25 пайызы Түркістан облысының үлесінде.

Қазіргі таңда облыста аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру, суармалы су тапшылығын төмендету мақсатында жылыжай шаруашылықтарын дамыту және су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Previous Post

Отырарда суармалы жерлердің 95, 2 пайызы игерілмек

Next Post

Жетісайда 44 мың гектар жерге мақта егіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz