gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан театрында наурыз мерекесі қарсаңында «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклі сахналанды

15 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан театрында наурыз мерекесі қарсаңында «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклі сахналанды
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан музыкалық драма театрында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Сезім сапары» спектакль-турының аясында «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклін сахналады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Алматы қаласынан келген театр ұжымы түркістандық көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Жыл сайын репертуарын тағылымды туындылармен толықтырып жүрген театр қоржынында көрерменнің айрықша ықыласына бөленген «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклінің орны бөлек. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған шығарма өткен ғасырда-ақ өз оқырманын тауып, талай жанның жүрек сырын қозғаса, Фархад Молдағали режиссурасымен сахналанған спектаклі киелі шаһардың зәулім театр сахнасында жалғасын тауып жатыр.
Театр ұжымы аншлагпен екі ауысымда өнер көрсетіп, Тұран даласын махаббат жырымен әлдиледі. Еліміздің барлық қаласын қамтитын «СЕЗІМ САПАРЫ» атты тур-спектаклінде өзінің актерлік шеберлігімен ел арасында танылып жүрген талантты әртістер бар.
Previous Post

Түркістандық әкімдер мен мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен шықты

Next Post

Түркістанда бір учаскеде таңертең үш мыңнан астам адам таңдау жасап үлгерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz