gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық әкімдер мен мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен шықты

15 марта, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістандық әкімдер мен мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен шықты
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» деп айдар тағылып, барлық аудан, қалада әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді. Ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен киімімізді дәріптеуге арналған бастаманы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастап берді. Әріптестерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаған өңір басшысы облыс әкімі аппаратының кезекті отырысын өткізді.
– Сіздерді ұлттық киімде көріп көңілім көтеріліп кетті. Ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсетеді. Мәдениетіміз бен дәстүрімізді қолдаған жөн. Наурыз жақсылығымен келіп, халқымыздың берекесі арта берсін, – деген Дархан Сатыбалды күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тапсырмалар берді.
Облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан, қала әкімдері мен әкімдік ұжымдары да жұмысқа ұлттық киіммен келіп, бастамаға қолдау көрсетті. Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері алдағы уақытта да ұлттық киім киюді дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.
Previous Post

Түркістан облысында жайылымдарды елге қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Next Post

Түркістан театрында наурыз мерекесі қарсаңында «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклі сахналанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz