Аудан әкімінің тапсырмасымен бастау алған «Таза ауыл» экоакциясы аясында аудан көлемінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Санитарлық-экологиялық акцияға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме мамандары, барлық ауыл, кент округтерінің тұрғындары белсене қатысты.
Тазалық шарасы барысында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерін аралап, әр секторға жауапты етіп бекітілген бөлім, мекемелердің сенбілік аясында атқарған жұмыстарының басында болды. Онда алдағы бір ай көлемінде аудан орталығын көркейтіп, абаттандыру мақсатында атқарылу керек жұмыстарды пысықтады. Ортақ мекенді көркейту жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, сенбілікке 1891 адам,14 арнайы техникалар жұмылдырылды. 36 шақырым көше бойы,7,5 шақырым аяқжол ретке келтірілді. 7 гектар саябақ, 0,2 гектар сквер, 3 570 ш.м үй іргелік аулалары жинастырылды. Өзен-көлдер мен арықтардың 21 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында жинақталған 75 тонна қоқыс тасымалданды.
Сондай-ақ 12 спорт алаңшасы мен 9 балалар алаңшасы және аудан көлемінде 46 көпқабатты тұрғын үй маңындағы аулалар мен кіреберіс (подьезд) ретке келтіріліп, 7 аялдама тазаланды.