gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 637 адам вакцина салдырудан бас тартқан

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 637 адам вакцина салдырудан бас тартқан
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 637 адам вакцина салдырудан бас тартқан. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева мәлімдеді.

Түркістан облысында иммундау апталығы басталды. Халықты жаппай вакцинациялау шарасының басты мақсаты – мыңдаған адамды көптеген эпидемиологиялық аурулардан сақтауға бағытталған. 23-29 сәуір аралығында жүргізілетін иммундау жұмыстарының барысында түрлі ауруларға қарсы егулер жүргізіледі.

«Полиомиелит дерті әлем елдерінің басым бөлігінде жойылса, дифтерия, сіреспе аурулары бірлі-жарым деңгейде төмендеп отыр. Мысалы, қызылшаға қарсы вакцинацияның арқасында 2000-2016 жылдары әлемде өлім-жітім саны 84%-ға азайған. Дүниежүзілік иммундау аптасына 180-нен астам ел қатысып, жыл сайын әр түрлі девиздермен өткізіледі. Өкінішке қарай, қоғамда әр түрлі эпидемиялық ауруларға қарсы салынатын екпеден бас тартушылар саны әлі де көп», — деді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов.

Ал, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева өңір бойынша 637 адам вакцина салдырудан бас тартқанын айтты. Екпеден бас тартушылардың едәуір бөлігі – 15 жасқа дейінгілер.

«Талдаулар нәтижесінің басым көпшілігі діни көзқарастағы және жеке нанымдағы азаматтар екенін көрсетіп отыр. Екпеден бас тартқандар арасында сауалнама да жүргізілді. Басым бөлігі интернет желілерінде авторы белгісіз, вакцина туралы теріс пікір қалыптастыруға арналған видеоларға сенеді, кейбірі алып-қашпа әңгімелердің әсері болғанын алға тартты. Уақтылы әрі тиісті контингенттің вакцина алуы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, жұқпалы аурулардың жеңіл өтуіне үлкен септігін тигізеді. Вакцинация азаматтардың тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі», — деді Салтанат Жабағиева.

Бүгінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары екпеден бас тартушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге 26 азамат өздерінің алдыңғы ойларынан айнып, екпе салдыруға келісім берген.

Previous Post

Мемлекеттік сатып алу заңын түсіндіруге арналған семинар-конференция өтті

Next Post

Түркістан облысында спорт комментаторы Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz