gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында спорт комментаторы Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында спорт комментаторы Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде «Жеңісті күндерде жүздескенше» тақырыбында қазақ телевизиясының майталманы, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алу кеші өтті.
Спорт журналистикасында айшықты із қалдырған дара тұлғаның өнегелі жолын ұлықтаған шараға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, облыстық мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова қатысты.
Сонымен қатар, еске алу кешіне Амангелді Муатханұлының жары Назгүл Үркімбаева, ұлы Бекасыл Сейітханов, шәкірттері Телжан Күдеров, Жандос Айтбай, Қанат Базылхан арнайы қонақ болып, біртуар азамат туралы естеліктерімен бөлісті. Естелікке толы кеш дарынды оқушылар мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздарының мазмұнды өнерімен өрнектелді.
Шара барысында облыстық спорт музейінің ұйымдастыруымен «Жағымды жаңалықтың жаршысы болған жампоз жан» атты Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды. Бұл көрмеде қазақ телевизиясының саңлағы туралы тың деректер мен құжаттары қойылған. Игі шараға келген отбасы мен шәкірттері музей қорына өзге де құнды жәдігерлерді сыйға тартты.
Аталған көрмені алдағы уақытта өңір қонақтары музей төрінен тамашалай алады.
Previous Post

Түркістан облысында 637 адам вакцина салдырудан бас тартқан

Next Post

Түркістанда өртке қарсы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz