gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда өртке қарсы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда өртке қарсы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Сәуір айынан бастап, қараша айына дейін өрт қаупі көбейеді. Осы уақыттарда орманды алқаптарды өрттен қорғау жұмысы ерекше күшейтілуі тиіс. Бұл ретте «Жасыл аймақ» КММ-де орман қоры жерлерінде өрттен сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Тиісті мекемелермен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары түзілген. Жоспар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінге дейін орман өрті оқиғасы тіркелген жоқ. Биыл да орман өртінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында іс-шаралар атқарылып, үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің аумағы мен іргелес жатқан учаскелерде өртті сөндіру жұмыстарын ұтымды әрі тиімді атқару үшін өртті сөндіруге тартылатын мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларынан құрылған өрт сөндіру топтары құрылды. Өртке қарсы қолданылатын техникалар, құрал-жабдықтар түгендеуден өткізіліп, жарамдылығын анықтау жұмыстары жүргізілді, – деді «Жасыл аймақ» КММ Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі инженері Б. Досалы.
Мамандар Түркістан қаласының табиғатын көркейту мақсатында «Жасыл аймақ» КММ-мен жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстарын бағалап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және егілген көшеттерді қолайсыз факторлардан қорғау үшін атсалысуға шақырады.
Previous Post

Түркістан облысында спорт комментаторы Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды

Next Post

«Samruk-kazyna Trust» үш ауылдық мектептің оқушыларын тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz