gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Samruk-kazyna Trust» үш ауылдық мектептің оқушыларын тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етті

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Samruk-kazyna Trust» үш ауылдық мектептің оқушыларын тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің басым бағыттарының бірі. Қор барлық санаттағы балалар мен жасөспірімдердің білім алуына қолайлы жағдай жасап, білім беру жобаларына ерекше назар аударады. 2022 жылы білім беру саласында жалпы сомасы 1,35 млрд теңгеге 9 жоба іске асырылған еді.

Солардың бірі — «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қоры «ЭКО Атамекен» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Түркістан облысының Созақ ауданындағы үш ауыл мектебінің ғимаратына жайлы дәретханалар орнатып берді. Бұрын далада орналасқан ашық-шашық әжетханаларға баратын оқушылар қазір жылы, ыңғайлы орындарда беті-қолдарын жуып, өздерін ретке келтіре алады.

Жартытөбе ауылдық округінің Жартытөбе, Аққолтық және Бабата ауылдарының оқушылары осы уақытқа дейін жылдың кез келген уақытында көше дәретханасын пайдалануға мәжбүр болды. Бұл жағдай балалар үшін қыстың күндері қолайсыздық тудыратын.  Өйткені күн салқында далаға шығу оқушылардың, мұғалімдердің денсаулығына, олардың психологиялық жағдайы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Осылайша қоғамда үлкен әлеуметтік проблема туғызды.

Осы мәселені шешу мақсатында — «Samruk-Kazyna Trust» қорының Қамқоршылық кеңесі «ЭКО Атамекен» қайырымдылық қорының өтінімін мақұлдап 36,8 миллион теңге қаржы бөлді. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде құрылыс жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы жалпы білім беретін үш ауылдық мектептің оқушыларына жайлы тұрмыстық жағдай жасалды. Мектептегі дәретхана бөлмелері сумен жабдықтау, кәріз жүйесімен, жеке дәретхана кабиналарымен және қол жуғыштармен жабдықталған. Барлығы 1345 адам қажетті нормаларға сәйкес санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Жоба жергілікті ҮЕҰ бастамасы мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауының арқасында мүмкін болды.

Previous Post

Түркістанда өртке қарсы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

Next Post

Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссия отырысын өткізді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz