gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Түркістанда 3400-ге жуық азамат баспаналы болады

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Түркістанда 3400-ге жуық азамат баспаналы болады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында өткен жылы 3 155 пәтер (202,4 мың шаршы метр) пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламамен несиеге берілген пәтерлер саны – 2 482, кезектегі отбасыларға 673 пәтер берілді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.
Шаһар басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығында 15 707 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелген. Оның ішінде 6 381-сі – әлсіз топтағылар, 4 249-ы – көпбалалы, 4 874-і – бюджеттік қызметкер, 201-і – тұл жетім және жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар.
«Биыл жыл соңына дейін жалпы 3 377 пәтерді пайдалануға жоспарланған. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халыққа 1 шаршы метрі 180 мың теңгеден ұсынылған. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің (56,4 мың ш.м.) құрылысы басталып, нәтижесінде халық игілігіне әр шаршы метрі 220 мың теңгеден берілетін болады», — деді Нұрбол Әбсаттарұлы.
Коммерциялық және жеке инвесторлар есебінен 2020-2023 жылдары Түркістан қаласында көпқабатты 110 үй (4 263 пәтердің) құрылысы жүргізіліп, 60 тұрғын үй (1866 пәтер) пайдалануға берілген. Қалған 50 үй (2397 пәтер) 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
Previous Post

Жетісайда индустриалды аймақ ашу жобасы қаралды

Next Post

Қоғамдық қабылдауда өзекті мәселелер өз шешімін табуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz