gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағашта аз қамтылған отбасына баспана сыйлады

2 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағашта аз қамтылған отбасына баспана сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter
Сарыағаш ауданының жанашыр кәсіпкерлері Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінен аз қамтылған отбасына 4 бөлмелі үй салып берді.
Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, тұрғын үй иесіне үйдің кілтін табыстады. Қоныс тойға арнайы келген аудан әкімі жомарттық жасаған азаматтарға ізгі тілегін айтып, үйдің қызыл лентасын қиып, теледидар табыс етті.
Бүгінгі таңда тұрғын үй толығымен аяқталған. Баспана іші жабдықталып, жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.
Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келген отбасының бүгінде өз баспанасы бар. Ас үй мен қонақ бөлмесі де ерекше безендірілген. Сонымен қатар үйге қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы күнделікті жалдамалы жұмыстан табатын табыспен күн көріп келуде. Отанасы – бүгінгі таңда жұмыссыз, себебі 2 жасқа толмаған баласының күтіміне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.
Жалпы, жұртқа қайырымдылық жасау – мұсылмандық әр азаматтың борышы.
Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы баспаналы болған отбасы демеушілерге өз алғыстарын жеткізді.
Previous Post

Хабарлама

Next Post

Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қызу жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz