gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қызу жалғасып жатыр

2 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қызу жалғасып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлім етті.
Спикердің сөзінше, өңірде шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр. Бұл ретте, бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 26 жерүсті бүріккіш техникасы мен 1 АН-2 жеңіл ұшағы жұмылдырылған.
«Түркістан облысында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары 8 сәуір күні басталды. Бүгінгі таңда, жоспарланған 705 000 гектар алқаптың 570 000 гектарында зерттеу, анықтау жұмыстары жүргізілді. Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 000 гектарды құрайды. Оның 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталып, 41000 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді», — деді Ибрагим Жақсыбайұлы.
Брифингте белгілі болғандай, биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, фитосанитариялық іс-шаралар 10 ауданның 53 ауыл округінде жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша марокко шегірткесі көп тараған аймақтар белгіленіп, Сарыағаш ауданында 24 000 гектар, Арыс қаласында 11 000 гектар өңделген.
Өңірдегі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын толықтай аяқтауға әлі 10 күндей уақыт бар. Бұл ретте, шегірткеге қарсы күрес күшейтілген. Алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы барлығы 67 290 га алқапта, оның ішінде 59 050 га жерүсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция тарапынан аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында 40 мемлекеттік инспектор мен 19 қызметтік автокөлік жұмылдырылған. Болжам орталығынан 98 анықтаушы, оның ішінде 64 штат бойынша, 34 уақытша алынған анықтаушылар анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Previous Post

Сарыағашта аз қамтылған отбасына баспана сыйлады

Next Post

Түркістан облысында 460 мың тонна ерте пісетін өнім жиналады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz