gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Жетісайда елді мекен тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізетін болады

28 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Жетісайда елді мекен тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізетін болады
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында 105 елді мекеннің 56-сы газбен қамтамасыз етілген. Бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 53 пайызын құрайды.

Бүгінгі таңда жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары, жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС құрылыс жүргізілуде. Нысандар жыл соңына дейін тапсырылатын болады.

Сондай-ақ, биыл 5 елді мекенді, атап айтар болсақ, Қызылқұм ауыл округіне қарасты болған Қызылқұм, Ақтөбе елді мекенін, Абай ауыл округіне қарасты болған Отан, Бейбітшілік елді мекенін, Ж.Ералиев ауыл округіне қарасты болған Ғ.Мұратбаев елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және республикалық бюджеттерден жалпы 554,6 млн құрылыс жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 181,7 млн теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Құрылысы жүргізіліп жатқан 5 нысан пайдалануға берілген жағдайда 1 407 абонент немесе 9 331 халық табиғи газбен қамтылатын болады. Ол аудандағы елді  мекендердің жалпы санының 56 пайызын құрайды.

Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өңіріміздегі 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл 516 елді мекенді (62%) табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы 3 жылдақосымша 247 елдімекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елдімекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба әзірленген.

Previous Post

2027 жылға дейін Ордабасы ауданының тұрғындары табиғи газбен толық қамтылады

Next Post

Сарыағашта шағын су электр станцияларының саны артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz