gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағашта шағын су электр станцияларының саны артады

28 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағашта  шағын су электр станцияларының саны артады
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданында елді мекендерді сапалы электрмен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі энергия көздері бойынша қосымша су электр станциясы пайдалануда. Сондай-ақ қосымша тағыда бір шағын су электр станциясын  салу  жоспарлануда.

Осыған орай жақында аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданымыздағы электр энергияларды өндіру саласын дамытып келе жатқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында Жарты төбе ауылдық округі, Құрама елді мекені аумағындағы,  Келес өзенінің бойында орналасқан 4,5 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясына барды.

Аталған су электр станциясының құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, Жарты төбе және Құркелес ауылдық округінде 2000 абонентті электр қуатын қамтамасыз етуде.Сонымен қатар, аудан басшысы  «Келесгирострой» ЖШС-нің  Қабланбек ауылдық округі,  Ташқұлақ елді мекенінде жоспарланудағы  су электр станциясының жерімен танысты.

Айта кетейік, былтыр ауданда жалпы 18,3 шақырым электр желісі тартылып, 1043 электр бағанасы мен 15 дана трансформатор орнатылған. Сонымен бірге, былтыр ұзындығы 40 шақырымды құрайтын 38 ішкі жолға орташа жөндеу, ұзындығы 43 шақырымды құрайтын 22 ішкі жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл 26,5 шақырымды құрайтын 17 ішкі жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аудандағы 68 елді мекеннің 42-сі, яғни 61,8 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Аймақты табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 76,1 пайызды құрайды.

Previous Post

Биыл Жетісайда елді мекен тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізетін болады

Next Post

Бәйдібекте 5 елді мекенге жер асты суын тазартатын кешенді блок-модульдік қондырғылар орнатылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz