gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау оқушылар үйіне — 65 жыл

21 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау оқушылар үйіне — 65 жыл
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы дарынды жастардың ордасы атанған «Оқушылар үйінің» құрылғанына биыл 65 жыл толып отыр. Осыған орай қалада «Алтын ұям — өнер ордам» атты мерекелік салтанатты шара өтті.

Жиынға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов өнер ордасының ұстаздарына алғысын айтты.

«Заман талабына сай жаңа техникалық базалар орнатылып, оқушылардың ой-өрісін дамытатын үйірмелердің санын арттыру қолға алынып отыр. Болашақ жастарымыздың жарқын келешегіне медеу болатын бұл мекеменің маңызы зор. Әрбір мектеп жасындағы бала уақытын босқа өткізбей, түрлі бағыттағы өнермен шұғылдануға мүмкіндік алуда. Бойында түрлі қабілеті бар бала, әлемге де жаңа өзгерістермен, дамумен қарайтыны анық. Еліміздің болашағы осы жалынды, дарынды жастарымыздың қолында», —  деген қала әкімі еңбегі ерен бірқатар ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады.

«Алтын ұям — өнер ордам» атты мерекелік шарада көрме ұйымдастрылды. Онда оқушылардың салған суреттері мен қолдан жасаған өнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік жиында «Аманат» партиясының Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусизов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратша Төнтеков ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілегін айтты.

Оқушылар үйінің өнерлі жастары өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй тарту етті.

Айта кетейік, қаладағы «Оқушылар үйі» 1957 жылы 9 сәуір күні ашылды. Мекеменің алғашқы директоры Т.М.Задавская болды. Алғашқы кезде 4 үйірме жұмыс істеді. Бүгінгі таңда, спорт және техникалық бағыттар қосылып жалпы 5 бағытта 46 үйірме жұмыс істеп келеді. 1590 бала үйірмеге қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Балалар шығармашылығы үйінде мектептегі балалардың сабақтан тыс бос уақытының қызықты да, тиімді өтуіне барынша жағдайлар жасалған.

Previous Post

Қазығұртта 11 елді мекен қуаты жоғары электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Next Post

Бәйдібекте ауданында биыл қандай көшелер жөндеуден өтеді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz