gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыстық азамат қошқар көтеруден рекорд жаңартты

29 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыстық азамат қошқар көтеруден рекорд жаңартты
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы Азамат Мақұлбеков қошқар көтеруден жаңа рекорд орнатып, ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) енді. Ол 40 келі болатын қошқарды 5 сағат 26 минутта 3555 рет көтерген.
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев білекті азаматты қабылдап, жеңісімен құттықтады.
— Сіз туралы естіп, сайыстарда көріп жүрмін. Жеңісіңізбен және Қазақстан рекордтар кітабына енуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қошқар көтеру — қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Бұқаралық спорттық сайыстарға қатысып, насихаттап келе жатқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қолдау көрсеткен азаматтардың да үлесін атап өткен жөн. Бұл — еңбекпен әрі тыңғылықты дайындықпен келетін жетістік. Осы бағытта әлі де облысымызды танытуға атсалысасыз деген сенім мол, — деді Бейсен Дәулетұлы.
37 жастағы Азамат Нұрғалиұлы құрылыс саласында қызмет етеді. Спорттың бірнеше түрімен айналысады. Қошқар көтеру сайысына қызығушылығы 2018 жылдан басталып, сол уақыттан бері шұғылданып келеді. Айтуынша, Қазақстан бойынша соңғы рекорд Алматы қаласында тіркелген. Ол кезде қатысушылардың бірі қошқарды 2019 рет көтерген. Бұл рекордты жаңартқан батыр енді әлемдік деңгейдегі сайыстарда бақ сынауды жоспарлауда. Шетелдерде өтетін алыптар сайысына әзірленетінін айтып, 5 мың рет муляж көтеру арқылы халықаралық деңгейде Гинесс рекордтар кітабына енуді көздеуде. Сондай-ақ өзіне демеушілік көрсеткен спорт жанашыры, Арыс қалалық мәслихатының депутаты Алмас Шүкірбековке ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, 2023 жылдың 28 мамыр күні өткен шараға Қазақстан рекордтар кітабының (КИнЭС) құрылтайшысы Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысты. Қазақстан рекордтар кітабының кейіпкері ретінде енгені куәлік табыстады.
Previous Post

Триатлоннан Нұрасыл мен Ерасыл сенімді ақтады

Next Post

Арыс қаласында елді мекендерге жаңа элект желілері тартылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz