gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс қаласында елді мекендерге жаңа элект желілері тартылады

29 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыс қаласында елді мекендерге жаңа элект желілері тартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының электр энергияға қажеттілігі жаз мерзімінде –8-9 МВт, қыс мерзімінде – 7-8 МВт құрайды. Айта кетейік, Арыс қаласында 30 елді мекен орталықтандырылған электр желісіне қосылған, ал 3 елді мекен, айтап айтар болсақ, Тоғайлы, Тақыркөл, АкынЖақып елді мекендері дербес  электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Бұл шалғайдағы шағын елді мекендер, мал шаруашылығымен айналысады, сондықтан мұнда электр желілерін тарту экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз.

2022 жылы Арыс қаласының жаңадан құрылған «Тараз» және «Саяжай» аудандарын электр желілерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен Тараз ауданында 405 абонент, Саяжай ауданында 56 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Дермене ауылдық округіне қарасты болған Қаражантақ, Саналы елді мекендеріндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау жұмыстарына қазынадан қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Нәтижесінде аталған елді мекендердегі 76 тұрғын үй немесе 380 халық сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, биыл Монтайтас ауыл округіне қарасты Шағыр (құны 164901,3 мың теңге), Бақырша, Ақтас (құны 100359,9 мың теңге) елді мекендеріне электр жүйелерін жеткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі күтілуде.

Дермене ауыл округіне қарасты Теміржолшы (құны 47962,1 мың теңге), Қызылкөпір елді мекендерін (құны 75450,3 мың теңге), Арыс қаласының Е.Молдабаев, Құрайлы көшелерін электр желілерімен жабдықтауға (құны 30417,9 мың теңге) 153830,3 мың теңгенің қажеттігі туралы бюджетке өтінім жолданып, қаржысы күтілуде.

Арыс қаласындағы Б.Онтаев, К.Омаров, Атамұра, Мадалиев көшелерді және Қабылсай, №42 разъезд елді мекендерін жаңа электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында және 35/10 кВ қосалқы станциясын салу мақсатында бюджет есебінен қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджетке ұсыныс жолданған.

Жалпы Түркістан облысы электр қуатына тапшы өңірлердің бірі саналады. Бүгінде облыс аумағында 826 елді мекеннің 810-ы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған 16 елді мекен дербес электр қондырғыларына қосылған. Облыста 47 электр нысанының құрылысы жүріп жатыр. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда, 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-ын ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы стансалардан тасымалданады.

Previous Post

Арыстық азамат қошқар көтеруден рекорд жаңартты

Next Post

Биыл Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz