Арыс қаласындағы 32 елді мекеннің (78886 адам) 25-і (78483 адам, 99,3%) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалған 7 елді мекен тұрғындары ауыз суды құдықтан ішеді.
Жалпы қалада тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін 3 мекеме бар. «Оңтүстік ауыз су» филиалына қарасты «Арыс топтастырылған су жүйесі» өндірістік бөлімшесі 4 елді мекендегі 47954 халықты, 10590 абонентті қамтиды. Тариф: жеке тұлғаларға-294,71 тенге (40,0 теңге тұрғындардан, 254,71 тенгесі субсидияланады). Заңды тұлғаларға – 294,71 тенге, ҚҚС-ғы ішінде.
Ал, «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-гі 5 елді мекендегі 10500 халықты, 2100 абонентті қамтиды. Тариф: жеке тұлғаларға — 58,1 тенге, бюджеттік мекемелерге – 238,9 тенге, теміржол кәсіпорындарға – 1109,9 тенге, Жеке кәсіпкерлерге және коммерциялық ұйымдарға – 384,6 тенге, ҚҚС-ғы ішінде.
«Ақаба Сервис» ЖШС-гі 16 елді мекендегі, 20029 халықты, 4005 абонентті қамтиды. Тариф: жеке тұлғаларға – 54,97 тенге (Уақытша), заңды тұлғаларға – 118,88 тенге ҚҚС-сыз.
Қазіргі таңда қалада ауыз су құбырын тарту мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандар саны бесеу. Атап айтар болсақ, Саяжай 1,2 тұрғын ауданына су құбырларының құрылысы, саяжай 3 тұрғын ауданына су құбырларының құрылысы, көктем 2 су сорғы станциясы мен су мұнаралары, саяжай т.а. су сорғы станциясы мен су мұнаралары және Арыс қаласына дейін суаққы құрылысы.
Тұрғындарды ауыз сумен қамту бойынша биылғы жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары жайлы айтар болсақ. Биыл қаладағы Жұмжаев көшесінде, «Көктем-1» ауданындағы Жаңажол, Төлепов көшелерінде, «Көктем-2» ауданындағы Ардагер, Таңнұры, Я.Ысқабаев көшелерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, Арыс ауданы тұрғын аудандарында су жүйелерін салу да көзделген. Бұйыртса, Қалау Датқа, Ешназаров, Т.Исмаилов көшелеріне су жүйелері тартылатын болады. Мұнан бөлек Арыс ауданы тұрғын аудандарында су жүйелерін салу да қарастырылған. Алатау, Жібек жолы, Исаханов, Кызғалдақ көшелерінде су жүйелері салынатын болады. Мұндай жұмыстар Жеңіс, Бастарбеков, Астана, Думан, Ержанов, Шеримулы көшелерінде де атқарылады.
Қазіргі таңда қалада 2023 жылға республикалық бюджеттің
Нақтылауына бірқатар жобалар ұсынылды. Қаланың ішкі жүйелеріне су құбырларын жүргізу үшін 4 нысанға ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы алынған. Онда Шағыр, Ақтас елді мекендеріне су құбырларын жүргізу жоспарланған.
Бүгінде Арыс қаласының 33362 тұрғынын (абонент саны 9552) ауыз сумен қамтып отырған жоғары қысымды ауыз су құбырларының тозығы жетуіне байланысты, жаңа құбырларға ауыстыру үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Жоба құны 2265,0 млн теңге, 2 қатар ұзындығы 12,6 шақырым 700 мм су құбырлары жүргізіледі. 3000 м3 ауыз су жинайтын су резервуары дайындалады. Жаңадан 2 дана су ұңғымасы қазылады т.б. жұмыстар атқарылады.
Сонымен қатар қаладағы 2 тұрғын ауданға (саяжай 1, 2 ) 16 көшеге жаңадан су құбырларының құрылыс жұмыстары атқарылуда. Жоба құны — 919,1 млн тенге. Республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Жоспарланған жұмыстар аяқталғанда 1089 абонент, яғни 7418 халық орталықтандырылған су жүйесіне қосылатын болады.
2023-2024 жылдар аралығында Шағыр, Ақтас елді мекенін жаңа ұңғымадан ауыз сумен қамту мақсатында, ЖСҚ-сы дайындалып, РБ 294,8 млн тенге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нысан 2024 жылға өтпелі. Тиісті жұмыстар ойдағыдай іске асырылып, нысан пайдалануға берілгенде Шағыр, Ақтас елді мекендері ауыз суды жаңа ұңғымадан алатын болады.
Арыс қаласы және Қабылсай, №42, Талдықұдық елді мекен тұрғындарын ауыз сумен «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-гі қамтамасыз етіп отыр. Яғни, 2100 абонентті, 10500 халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Дегенмен, су құбырларының тозуына байланысты және су айдау станциясынан алшақ жерде орналасуына байланысты, тұрғындарға тұрақты ауыз су беруге кедергі келтіруде. Тұрғындарды жаңадан ауыз су құбырларымен қамтамасыз ету үшін және сапалы тұрақты ауыз сумен қамту үшін. қалалық бюджеттен ЖСҚ-на қаржы қаралып, жоба дайындалуда. Құрылыс монтаждау жұмыстарын 2024-2025 жылдар аралығында жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлдіру жоспарлануда. Нәтижесінде 10500 халық сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Монтайтас, Саналы, Жиделі елді мекендерінде тозығы жеткен су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен нысанның жобалық сметалық құжатын әзірлеуге қаржы қаралып, жоба дайындалуда. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Ауыл ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2024-2025 жылдар аралығында жүргізу жоспарлануда.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда өңірімізде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 16 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Айта кетейік, облыста су құбырын тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз елді мекендер де аз емес. Мәселен, Сауран ауданында сондай үш елді мекен бар. Олар Қаратөбе, 32-разъезд, Егізқара ауылдары. Аталған елді мекендерде тұрғын үйлердің бір-бірінен шалғайда орналасуына байланысты, оларға ауыз су құбырын тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр. Сондықтан бұл елді мекендерге кешенді блок-модуль орнатылмақ. Ал, Бәйдібекте де 5 елді мекен шалғайда орналасқандықтан әрі онда халық саны аз болғандықтан оларға ауыз су құбырын тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр. Олар – Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра елді мекендері. Сала мамандары мұндай ауылдардағы халықты жер асты суын тазартатын кешенді блок-модульдік қондырғылар орнату арқылы ауыз сумен қамту көзделіп отырғанын айтуда. Бұл жұмыстар Түркістан облысының 2022-2025 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.



