gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда кәсіпкерлік бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

3 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда кәсіпкерлік бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық Жастар ресурстық,халықты жұмыспен қамту орталықтары мен Кентау қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандары мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ондағы мақсат жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және тұрғын үйге қатысты бағдарламалар жайлы ақпараттармен таныстыру болды.

Айталық, Ынтымақ алаңында өткен жәрмеңкеде жастарға жұмыспен қамту бағытындағы бағдарламалар жөнінде ақпарат беріліп, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» атты бастамалар жан-жақты түсіндірілді.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021-2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында іске асырылатын шағын несиелер жөнінде ақпарат берілді. Оның ішінде 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге ұсынылатын 25 пайыздық несие жайлы кеңірек айтылды.

Орталық жастары мен сала мамандары түсіндіру жұмысын қаладағы мал базарынан бастады. Одан кейін олар қаланың орталық көшелеріндегі сауда орындарындағы сатушылармен тілдесті.

Айта кетейік, бүгінде қалады 99 308 адам тұрады. Қала аумағы 52,7 мың гектарды құрайды. Қала құрамына 4 ауыл кіреді. Тұрғындардың 37,4 мыңы экономикалық белсенді болып табылады. Оның ішінде 35,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды, жастар жұмыссыздығы 5,9 пайызды құрауда.

Былтыр «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақта 2 жоба (2,9 млрд.теңге, 80 жұмыс орны) іске асырылып, 80 адам жұмыспен қамтылды. Айталық, бетон бұйымдарын өндіруге арналған зауытта 30 адам еңбек етуде. Ал, «Almaty NS-Group» ЖШС-інде 50 адам кірпіш шығаруда. Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда «CEYLAN GRUP METAL»ЖШС-і Ащысай елді мекеніндегі кен қалдықтарын өңдеуге қызығушылық танытуда. Жоба іске асырылған жағдайда мұнда 400 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сонымен қатар, индустриалды аймақтақұны 3,3 млрд.теңгені құрайтын, 6 жоба іске асырылмақ. Онда 250 адам жұмыспен қамтылатын болады. Әзірге 4 жоба жоспарлануда.

Previous Post

Арыста келер жылдан бастап елді мекендердегі су құбырлары жөнделеді

Next Post

Кентауда сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz