Кентауда жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылды. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ерікті жастар белсенді қатысты. Айта кетейік, сенбіліктердің тұрғындардың назарын қаланы таза ұстауға аударуда маңызы зор. Әрбір тұрғын сенбілікке қатыса отырып, қаланың көркеюі мен тазалығының сақталуына өз үлесін қоса алады.



