gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданының тұрғындары табиғи газбен 100 пайыз қамтылатын болады

3 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданының тұрғындары табиғи газбен 100 пайыз қамтылатын болады
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылған.  Бүгінге қалып отырған 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін аяқталып, жыл соңына дейін аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, Түркістан облысында 465 елді мекен газбен қамтылған. Биыл 101 нысанға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Оның 70-і биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Айталық, Ордабасы ауданында 28 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс көлемі өте ауқымды.

Дәл қазір өңірімізде газ нысандарының құрылысы қатаң бақылаудан өтіп жатыр. Жақында облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы саладағы мәселелерді талқылау үшін кезекті рет мәжіліс өткізіп, жауапты басқарма басшысының есебін тыңдады. Сонымен бірге мәжілісте елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамту барысы да талқыланды. Өңір басшысы өз міндетін дұрыс атқармаған мердігерлерге заң шеңберінде шара қолдануды тапсырды.

– Аудан, қалалардағы газ нысандарының құрылысын түгел тексеріп шығыңыздар. Мердігерлермен тиісті жұмыстар жүргізілсін. Бізге жұмыстың сапалы біткені керек. Әрбір нысан жобалық-сметалық құжаттағы талаптарға сай жүргізілуі керек. Одан артық ештеңе талап етіп жатқан жоқпыз. 30 тамызға дейін газ нысандарының құрылыстарын аяқтаған жөн. Ал, мониторинг барысында анықталған кемшіліктер мамыр айының ішінде толық қалпына келтірілсін. Елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамту жұмысын да назарда ұстаңыздар. Аудан, қала әкімдері әрбір жобаның басы-қасында жүріп, нысандарды қабылдап алсын, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Бұдан былай Түркістан облысы елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданған.

Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша  да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады.

Биыл облыста газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алады.

Previous Post

Кентауда "Экономикалық қауіпсіздік: өркендеу мен тұрақтылық кепілі" акциясы өтті

Next Post

Арыста келер жылдан бастап елді мекендердегі су құбырлары жөнделеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz