gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарнақ ауылының тұрғындары асарлатып 6 балалар ойын алаңшасын салып жатыр

2 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қарнақ ауылының тұрғындары асарлатып 6 балалар ойын алаңшасын салып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғындары асарлатып балалар ойын алаңшаларын салып жатыр. Игі іске ұйытқы болған жанның бірі қалалық маслихат депутатты Бекзат Хабибов.

Асар жолымен жүзеге асып жатқан жоба барысында баскетбол, волейболға арналған заманауи кіші спорт алаңшалары салынып, айналасы жарықтандырылады. Сонымен қатар, кіші субұрқақтар қойылып, көпшілік демалатын орындықтар орнатылмақ.

«Мұндағы басты мақсат — ауыл балаларының бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету, салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу. Еліміздің келешегі салауатты жастардың қолында. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасуымыз қажет», — дейді Бекзат Хабибов.

photo

 

Балаларға арналған ойын алаңшалары ауылдың орталық көшелерінен бой көтерген. Кәсіпкерлер қаржы жинап қажетті материалдарды сатып алса, ауылдың жігіттері әр сенбі, жексенбі күндері тегін жұмыс істеп жатыр. Ас-суды да жергілікті тұрғындар дайындап беруде. Енді алдағы уақытта қарнақтықтар ауылдан саябақ пен спорт алаңшаларын асар жолымен салуды жоспарлап отыр.

«Қандайда бір іс болсын, ауылымыздың азаматтары жұмыла жұдырық болып, бір кісідей атсалысып кетеді. Ұйымшылдық танытып жүрген жандардың барлығына жерлестерімнің атынан алғыс айтамын», — дейді Бекзат Хабибов.

photo

 

Жалпы ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауыл жастарының игі істері бүгінде көпшілікке үлгі болып отыр. Қарнақтықтар өткен жылы асарлату әдісімен үш мың адамға арналған мешіт тұрғызған болатын. Ғибадат үйінің құрылысына Шымкент, Астана, Алматы, Ташкент, Мәскеу қалаларында тұрып жатқан ауыл азаматтары да үлестерін қосқан.

Ал, көктем мезгілінде екі тұрғынның үйін тасқын су шайып кетті. Содан жергілікті тұрғындар ортадан қаржы жинап, үйсіз қалған бір отбасына баспана салып берді. Ал, екінші үйдің құрылыс жұмыстарын жақын арада бастамақ.

Қоқыс шығару ісінде қарнақтықтар асар жолымен шешкен. Арнайы қор ашып, қаржы жинап, қоқыс контейнерлерін сатып алған. Содан ауыл ішіне қойып шыққан. Қазір арнайы көлік белгіленген уақытына сәйкес, қоқысты жинап алып кетеді.

Previous Post

Кентауда 857 түлек мектеп бітірді

Next Post

Кентауда "Экономикалық қауіпсіздік: өркендеу мен тұрақтылық кепілі" акциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz