gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданы жыл соңына дейін табиғи газбен 100 пайыз қамтамасыз етіледі

2 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданы жыл соңына дейін табиғи газбен 100 пайыз қамтамасыз етіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында биыл жылсоңына дейін тұрғындарды табиғи газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда өлкеде бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Айталық, Қасқасу ауылдық округіне қарасты Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық елді мекендерін табиғи газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы 67,11 шақырым ПЭ құбыры, 8,0 шақырым темір құбыры тартылып, 800-ге жуық ГРПШ орнатылды. Бүгінде қосымша 105 үйге ГРПШ қойылуда.

Мердігер мекеме – «Azia RS» ЖШС. Аталған төрт елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары өткен жылы қолға алынған болатын. Одан бөлек, аудан орталығы – Ленгір қаласына қарасты Күмістөбе, Кенші көшесі, Достық елді мекенінің Астана көшесі, Киелітас елді мекеніндегі Қарауылтөбе және Қорған көшелері, Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіне жалпы 13,8 шақырым газ құбыры тартылып, 118 ГРПШ қойылды. Қазіргі таңда құбырларға сығымдау жұмыстары атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінде аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен толық қамтылған.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өңіріміздегі 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған. Ал, биыл 516 елді мекенді (62%) табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы 3 жылда қосымша 247 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба әзірленген.

Previous Post

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылының тұрғындарына «Қаз ТрансГаз» АҚ-на өту қажеттігі туып отыр

Next Post

«Инфрақұрылым мәселесі күн тәртібінен түспейді»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz