Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгіне өңірімізде осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда өңірде орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 720-ға жетіп, қамту деңгейі 86,4%-ды құрады (2 025 мың адам немесе 95,6%). Биыл 18 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынады, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылады.
Айталық, Қазығұрт ауданында жалпы 62 елдімекеннің 59-ы, яғни 96,7 пайызы ауыз су құбырымен қамтамасызетілген. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болған Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 17 мамырында нысан пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, биылғы жылға өтпелі болған Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекенін қайта құру ауыз су жүйелерінің құрылысына 685,9 млн. теңге қаржы қаралып, нысан ағымдағы жылдың тамыз айында ел игілігіне тапсырылатын болады. Айта кетейік, 2023 жылы «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылысына 268,5 млн теңге қаралып, бұл нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қазір мұнда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Осы аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары уақытында аяқталған жағдайда ауданда 7 елді мекен тұрғындары 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданының орталығын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 727,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.Аталған нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.Бұйыртса, осы жылдың қорытындысымен аудан бойынша
60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,7 пайызды құрайтын болады.
Ал, Созақ ауданында бүгінде 35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен) 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша тиісті шаралар 2022 жылы басталып, ағымдағы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
«Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға тиісті қаржысы бөлініп, биылғы жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жобалаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюджетке ұсынылатын болады», — дейді сала мамандары.
Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржысын қарау жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірленетін болады.
Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс берілетін болады.
Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан (халық саны 200-ден кем) блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Жер асты су қоры бекітілгеннен кейін ЖСҚ әзірленетін болады.
Аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз, Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың сәуір айында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттен қаржы бөлу үшін құжаттар ұсынылып, сұраныс жолданды.
Жалпы Созақ ауданында 35 елді мекеннің 29-ы (2 кент, 26 ауылдық елді мекен) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның екеуі кент болса, 26-сы ауылдық елді мекен. Ауданда барлығы 61715 тұрғын таза ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23-іне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған алтауына түзілген кестеге сәйкес берілуде.
Реті келгенде айта кетейік, биыл өңірімізде су құбыры жоқ 17 елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ. Олардың біреуі – Бәйдібек, алтауы –Сарыағаш, төртеуі – Келес, біреуі – Қазығұрт, төртеуі – Ордабасы, біреуі – Отырар ауданында орналасқан. Сонымен қатар 11 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су құбырлары ауыстырылады. Олардың екеуі Бәйдібек, біреуі Қазығұрт, төртеуі Төлеби, біреуі Мақтаарал, біреуі Ордабасы, екеуі Түлкібас ауданында орналасқан. Сонымен қатар, өңірімізде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 16 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
Өңіріміздеауыз су құбырын тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз елді мекендер де бар. Қазіргі таңда Сауран ауданында дәл осындай үш елді мекен бар. Олар Қаратөбе, 32-разъезд, Егізқара ауылдары. Аталған елді мекендерде тұрғын үйлердің бір-бірінен шалғайда орналасуына байланысты, оларға ауыз су құбырын тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр. Сондықтан бұл елді мекендерге кешенді блок-модуль орнату көзделуде. Жалпы Сауран ауданындағы 12 ауылдық округте 36 елді мекен бар. Олардың ішінде 32 елді мекен ауыз сумен қамтылған.
Ал, Бәйдібекте де 5 елді мекен шалғайда орналасқан. Әрі онда халық саны аз. Олар – Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра елді мекендері. Сондықтан аталған елді мекендерге ауыз су құбырын тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып отыр. Сала мамандары мұндай ауылдардағы халықты жер асты суын тазартатын кешенді блок-модульдік қондырғылар орнату арқылы ауыз сумен қамту көзделіп отырғанын жеткізді. Бұл шаралар да Түркістан облысының 2022-2025 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес атқарылатын болады.



