gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда термопанель шығарыла бастады

15 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда термопанель шығарыла бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Соның бір дәлелі ретінде кентаулық кәсіпкер Қанат Жұматаевтың қолға алған ісін айтуға болады.

Жалпы Кентау Түркістанмен қатар дамып келе жатқан моноқала. Қалада кәсіпкерлік саласында да алға жылу байқалады. Жақында кәсіпкер Қанат Жұматаев бұқаралық ақпара құралдарын термопанель шығаратын шағын цехымен таныстырды.

Кәсіпкер бұл кәсіпті бір жыл бұрын қолға алған екен. Бүгінде Кентау және Түркістан қалаларынан түсетін тапсырыс көп. Термопанель нысандар мен тұрғын үйлердің қас беттерін әрлеуге таптырмас құрал болып табылады. Әрі ол шілденің шіліңгір ыстығында күн көзінен сақтаса, қыс мезгілінде суықтан қорғайды.

Қанат Жұматаевтың айтуынша, құрылысқа аса қажетті бұл материалды қолданғандарға 25 жылға дейін кепілдік беріледі. Кәсіптің бұл түрі қазіргі таңда өте тапшы. Сондықтан, ел арасында сұраныс көп. Біз тілге тиек етіп отырған «ТермоФасад» шағын цехы 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

— Алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтсам деген жоспарым бар. Себебі тапсырыс көбейіп келеді. Дәл қәзіргі таңда үйлердің сыртқы келбетін безендіруге осы термопанельдің ықпалы зор. Нысандарға қыста жылу, жазда салқындық береді. Жалпы, күніне 300-400 кв термопанель шығаруды мақсат етіп отырмын, — дейді кәсіпкер.

Үйдің қасбеттерін осындай жылу панелдерімен безендірген тиімді.  Себебі қасбеттері әрлеуге қажетті сәндік элементтерді жеке сатып алу, орнату қажет емес. Құрылыс жағдайы кезінде термопанель барлық кемшіліктерді және қабырғалардың басқа ақауларын сенімді түрде жасырады. Сондай-ақ құрылыс жұмысы кезіндегі  уақытты едәуір қысқартады.

Кентауда бүгінде осындай кәсіпке бет бұраушылар қатары көбейген. Осы орайда бұған көп балалы аналарға беріліп отырған атаулы әлеуметтік көмектің де тигізіп жатқан пайдасы көп екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, халық мемлекеттік грант арқылы кәсіп ашуға болатынын түсінді. Бұрындары қаражаты болмай, қабілетін кәсіпке айналдыра алмай жүргендердің қатары қалың болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін тауып келеді. Бизнес саласына қадам басып, өзін де өзгені де жұмыспен қамтып жатқандарды жиі көретін болдық. Соның бірі біз кәсібін тілге тиек етіп отырған – Қанат Жұматаев.

Жалпы өткен жылы Кентау қаласында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 173 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған болатын. Сала мамандарының мәлімдеуінше, сәуір, тамыз, қыркүйек, қазан айларында мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталы арқылы жалпы 4 лек бойынша 616 үміткердің өтініші қабылданған. Тұрғындардың жобалары комиссия отырысында қаралып, бірқатар санаттар бойынша қабылданды. Соның ішінде жастар санатынан 102, атаулы әлеуметтік көмек алушылар бойынша 4, мүгедектігі бар азаматтардан 20, көпбалалы 43, мүгедек балаға қараушы 11, асыраушысынан айырылғандар қатарынан 2 адам қатысты.

Нәтижесінде 182 адамның жобасы мақұлданып, қаржыландырылды. Ұсынылған қызмет түрлері бойынша кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша – 16 жоба, мал шаруашылығы қатысты – 31 жоба, сұлулық салонын ашу бойынша – 18 жоба, тігін шеберханасын іске қосу бойынша – 25 жоба, жартылай дайын тағамдарды өндіру бойынша – 6 жоба, жиһаз жасау бойынша – 4 жоба, құс және балық шаруашылығын дамыту бойынша  – 7 жоба, көшет-бұталарды өсіру бойынша – 2 жоба, автокөлікке қызмет көрсету орнын ашу бойынша – 14 жоба, оқу орталығы және компьютерлік қызмет көрсету орталықтарын ашу бойынша – 16 жоба, басқа қызмет түрлері бойынша 43 жоба қарастырылды.

Жалпы аталған жобаның басты мақсаты – кәсібін жаңадан бастағалы отырған немесе кәсіп ашқысы келетін жандарға мемлекет тарапынан көмек беру, тұрғындарды қиын жағдайдан шығару, еңбекке баулу. Бүгінде кәсібін дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алуға өтініш білдіргендер саны күн санап артып келеді. Бұл Кентау қаласында ғана емес жалпы Түркістан облысында байқалып отырған тенденция. Жыл сайын мемлекеттік грант арқылы кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткісі келетіндердің қатары көбейіп келе жатқаны белгілі. Мұның өзі салада атқарылып жатқан жемісті жұмыстардың нәтижесін аңғартса керек.

Айта кетейік, облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 130,9 млрд. теңге). «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы өткен жылы 22 336 қызмет түрі тегін көрсетілді.

Previous Post

Сауранда ауыл округтерінде электр желілері жаңартылады

Next Post

Кентауда аялдамалар жаңартылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz