Ұлттық ойындарды жандандыру арқылы қазақы дәстүрді дәріптеп, дамытуды мұрат тұтқан Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің«Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Рухани төрім-Түркістан» жобасы аясында аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында садақ атудан жарыс өткізді.
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға өңіріміздегі аудан қалалардан Жастар ресурстық орталықтарында жұмыс істейтін 80-ге жуық қызметкер қатысты. Жалпы садақ ату – мергендік спорттың бір түрі. Ол адамды шыдамдылыққа үйретеді. Сонымен қатар, өткір көз және қуатты қол – осының бәрі садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы, 2-орынды Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы жеңіп алды. Ал, 3-орын Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасына бұйырды.
Сайысқа қатысушылар Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболованың арнайы алғыс хатымен марапатталса, жүлделі орындарды иеленгендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемгнің 140 елінде айналысады. Әсіресе, башқұрт, қырғыз, бурят, қазақ, т.б. халықтардың жамбы ату, алтын қабақ, теңге ату сияқты ұлттық ойындарында кең таралған.
Елімізде кейінгі жылдары ұлттық спорттың түрлері бойынша өтетін жарысқа садақ ату да қосылуда. Садақ ату — мергендікспортыныңбіртүрі. 1900 жылданбері — жазғы Олимпиада ойындарыныңтізімінекірген.