Қазіргі таңда Кентау қаласында орналасқан Т. Рысқұлов атындағы №24 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстар 2022-2023 оқу жылында қолға алынған болатын. Жалпы нысанның құрылысын жүргізуге бюджеттен 38 069,7 мың теңге бөлініп, білім ошағының кәріз жүйесі толығымен ауыстырылды. «СКС инженеринг» мердігер мекемесі мұнда қолға алынған шараларды жалғастыруда. Оған 335 859, 2 мың теңге қарастырылып отыр.
Айта кетейік, Кентау қаласында 25 (2 жекеменшік) мектеп, 33 (19 жекеменшік) балабақша, 3 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді. Биыл бюджеттен мектептерге 16 546 627,0 мың теңге, оның ішінде «жан басына қаржыландыру» нормативі бойынша қаржыланатын 13 мектепке 7 360 738,0 мың теңге бөлінді. Ал, ұстаздардың жалақысынан бөлек, жалпыға міндетті білім беру қорына 233 086,0 мың теңге қарастырылды. Бұл қаржының 161417,0 мыңын ыстық тамаққа (2228 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі), 30 615,0 мың теңгесін жазғы сауықтыруға (800 бала жазғы сауықтырудан өтетін болады), 41 054,0 мыңын мектеп формасын сатып алуға (1012 бала мектеп формасымен қамтамасыз етіледі), 35 537,0 мыңын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды күтіп-бағуға, 3285700,0 мыңын балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, 17690,0 мыңын оқушыларды тасымалдауға, 353609,0 мыңын Т. Рысқұлов атындағы №24 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, 181620,0 мыңын ауыл мектептеріндегі химия, физика және биология кабинеттерін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға жұмсау жоспарланған болатын.
Жалпы өткен қыс мезгілі Кентау қаласының тұрғындары үшін оңай болған жоқ. Сондықтан, реті келгенде мектептердің жылу маусымына дайындығын жөнінде айта кетсек. 2022-2023 оқу жылында мектептерді сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін 90 602,0 мың теңге, ал қатты отымен қамтамасыз ету үшін 13 041,7 мың теңге, сығымдау жұмыстарын жүргізуге 3 302,4 мың теңге, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 2760, 8 мың теңге, мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4916,0 мың теңге қаралды.
Былтыр желтоқсан айында Хантағы ауылында орналасқан Абай атындағы №5 және А.С.Пушкин атындағы №6 мектептерде 2 спортзал пайдалануға берілді. Спортзалдарда оқушылардың спорттың футбол, баскетбол, волейбол, еркін күрес, көркем гимнастика түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған.