gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын алып бермек болған…

13 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстан азаматтығын алып бермек болған…
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген кезде өзінің танысы «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 300.000 теңгесін жымқырған.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, күдікті ер адам көрші елден қоныс аударған жәбірленушіге төлқұжатын заңдастырып беремін деп уәде беріп, ақшасын өзінің қажетіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда осындай алаяқтық әрекеттер өршіп тұр. Алаяқтардың айла-тәсілдері де күн сайын өзгеріп, жаңара түсуде. Сондықтан, полицейлер тұрғындарға әрдайым сақ болу керектігін ескертеді. Өңірімізде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында Түркістан облыстық полицей департаменті жанынан «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы құрылған болатын. Аталмыш топ мүшелері қоғамымызда алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында нақты шараларды қолға алуда. Соның нәтижесінде айласын іске асырғысы келетіндер қолға түсіп жатыр. Солардың бірі жоғарыда атап өткендей жәбірленушіні «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп алдаған азамат.

Соңғы уақытта мемлекетімізде құқық қорғау саласында көптеген реформалар іске асырылуда. Соның негізінде салада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін полиция жұмысын жетілдіру бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Ол халықтың мүддесін қорғауға бағытталған полиция құру еді. Осы мақсатта өңіріміздегі құқық қорғау саласында цифрландыру және оңтайландыру бағыттарына басымдық беріліп, нақты шаралар қолға алынды. Бірнеше пилоттық жоба іске асырылды. Соның бірі жоғарыда атап өткен «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы.

Айтайын дегеніміз, аталмыш топ мүшелері таяуда 45 алаяқтық қылмысқа қатысы бар азаматты да қамауға алды. Мұның өзі үлкен көрсеткіш. Бүгінге дейін облысымызда интернет арқылы 56 қылмыс жасаған 31 адам ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың мәлімдеуінше, биылғы жылдың алғашқы 5 айында Түркістан облысында  2193 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіштен қылмыстың едәуір төмендегенін байқауға болады. Оның ішінде ауыр қылмыстар 25,4 пайызға, ұрлық 32,2 пайызға, пәтер ұрлығы 33,9 пайызға, бұзақылық 24,7 пайызға, алаяқтық 16,7 пайызға кеміді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 13,6 пайызға азайды.

Previous Post

Ұялы телефоныңызға күдікті қоңыраулар мен хабарламалар келсе, полицияға хабарласыңыз

Next Post

Телефоныңызды жоғалтып алсаңыз...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz