Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі – жабырқаған жандарға жақсылық жасап, қамқорлық көрсету болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Міне, сондай игі істі жуырда Кентау қаласының Тең қоғам орталығында «Ақниет» мүгедектерге және зағип жандарға арналған қайрмымдылық қорының төрағасы, арбаға таңылған І топтағы мүгедек Дастан Орынбасар жасады.
«Ақниет» қоғамдық қорының құрылғанына шамамен 8 ай болды. Ауқымды мақсаттар мен өршіл міндеттер қойылған қайырымдылық ұйымының қызметі үшін біршама қысқа мерзім. Алайда, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде жылдам әрекет ету керек, өйткені көмекке дәлі қазір мұқтаж жандар көп. Аталған қордың директоры арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жан. Кентау қаласындағы мүгедектер мен зағип жандарға қайрымдылық жасауды мақсат тұтқан қор басшысы, 31 отбасына азық-түлік себетін таратты.
Президенттің бастамасы бойынша кең көлемді міндеттері бар қоғамдық әлеуметтік қайырымдылық қорын құру отандық қайырымдылық саласының тарихы мен тәжірибесінде алғаш рет орын алуда. Тиісінше, «Қазақстан халқына» көптеген қоғамдық ұйымдар мен қорлардың жинақталған тәжірибесіне сүйене отырып, өзінің қызмет бағдарын белгіледі. Қордың тұжырымдамасын, басым бағыттарын, кімге және қандай қолдау көрсету керек екенін талқылау мен анықтау үшін уақыт керек болды. Көмек берілсе, оның әсері тиімді, әрі ұзақ мерзімді болғаны маңызды еді. Қор мәселелерді жүйелі түрде шешуге кірісіп, қаладағы мүмкіндігі щектеулі жандар мен зағип жандарға көмек көрсету жұмысын бастап кетті.
— «Ақниет» қайрымдылық қорын құрудағы басты мақсатымым, мүмкіндігі шектеулі және зағип жандар мен қатар мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қол ұшын беру болып табылады. Қайрымдық қордың құрылғанына сегіз ай ғана болды. Біздің қаламызда да мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын орындауға ат салысатын қор қажет. Себебі, қаншама мүгедек жандар өздеріне қажетті арба, балдақ, отта жасатуға ұаржы таппай қиналып жүрген мүгедек жандар бар. Біз азаматтардың лезде нәтиже күтетінін түсіндік. Ондаған жылдар бойы қордалаған мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Түскен әрбір теңгені ұтымды пайдалану үшін әрбір өтінішті жіті зерделеу, ұсынылған жобалар мен бағдарламаларды егжей-тегжейлі бағалау қажет болды. Оларды жүзеге асыру үшін серіктестер мен жеткізушілерді анықтау керек. Осы үрдістерді қаншалықты жылдам іске асыруға тырысқанымызбен, әжептәуір уақыт кетті. Сонымен қатар, алғашында бұл жұмысты қалай жүзеге асыру бойынша нақты механизм болмады. Ал бүгін бірегей модельді құрып, қоғамның, сарапшылар мен билік өкілдерінің қолдауы арқасында жұмысымызды жүйеледік. Бұл Қор алдындағы даңғыл жолдың басы, алғашқы қадамы ғана», дейді Қордың төрағасы.
Қайрымдылық қорының басшысы өздерінің өтініштері бойынша жүгініп, өздерне қажетті құрал жабдықты ала алмай отырғанын айтты. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі қол арбасын ала алмай жүргеніне біршама уақыт болған екен. Ал, ол адамның қол арбасын алуға қалаға қарасты денсаулық басқармасының құзыреті жетпейді.
— Әрине, қарап отырсаңыз біздің кішкентай қаламыздың өзінде қаншама мүмкіндігі щектеулі жан бар. Олардың өздеріне қажеттіліктерін алуға Үкіметтің берген жәрдемақысы жетпейді. Айына алатын жәрдемақысы 80 000 теңге қайда жетеді дерсіз? Жүмысқа жарамсыз мүгедектер күнделікті ас-ауқаты мен дәрі-дәрмегін де жәрдемақыға сатып алуда. Ал, арбаңа таңылған мұгедектерге берілетін жөркеңті санын да қысқартқан. Қазіргі таңда айына 4 жөргек ғана беріледі. Соның өзін ала аламай жүрген қаншама мүмкіндігі шектеулі адам бар. Осы қайрымдылық қорын құрудағы басты мақсатым, қаламызда жаны жайсаң, көмек қолын созатын қаншама азаматтарымыз бар. Сол азаматтардың қолдауының арқасында осындай мүмкіндігі щектеулі жандарға қажетті құрал жабдықтарды алып беріп тұрсақ. Сондай-ақ, шетелде немесе ақылы емделуді талап ететін жандарға қол ұшын созып тұрсақ деген ниетемін, — деді «Ақниет» мүгедектерге және зағип жандарға арналған қайрмымдылық қорының төрағасы Орынбасар Дастан.
Аталған қордың төрғасы арбаға таңылған І топтағы мүгедек жанның бірі. Өзімен тағдырлас жандардың жан айқайына құлақ асып, қажетті мұқтаждығына себепші болуды мақсат тұтады. Қол аяғы сау, жұмыссыздықты сылтауратынын жастарға үлгі болатын азаматқа үлкен қариялар ақ батасын беріп, азық-түлік алған жандар алғысын білдіруде.
— осы шараны пайдаланып қала әкімі Жандос Тасов мырзаға өзімнің қтінішімді айтып өтсем деп едім. Әсіресе жаз мезгілінде балалардың баратын демалатын орындары болмай қиналамыз. Қаламыздағы ескі және жаңа парктерге балалар ойнайтын алаң ашылса жақсы болар еді. Сонымен қатар, балаларға арналған жазғы лагерьде ашылып, балалар бос сенделіп жүрмей, жазғы демалысын тиімді өткізер еді. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында оқитын бастауыш сынып оқушыларына түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе. Себебі, Асна, Алматы секілді үлкен қалаларда бастауыш сынып балаларына ыстық таақ беріледі. Мен жалғыс басты көп балалы ананың бірімін. Осындай шараны ұйымдастырып отырған «Ақниет» қайрымдылық қорының төрағасына алғысым шексіз. Өзінің арбаға таңылған мүгедіктігіне қарамастан осындай ауқымды шара ұйымдастырып отыр. Бұл кісінің жасаған ісі өзге адамдарға үлгі болады деген үміттемін. Бұл кісі өз қаржысына біздер секілді мүгедек бала асырап отырған, мүгедек және зағип жандарға арнап азық-түлікті алып отыр. Алла разы болсын. Біздің қаламызда осындай мүгедек жандарды қолдайтын, мұң-мұқтажы мен қажеттілігін алып беруге қол ұшын созатын қайрымдылық қоры керек-ақ. Енді осы қайрымдылық қор ғұмырлы болсын, демеушілер көбейе берсін, — деді қала тұрғыны Жанна.
«Ақниет» қайрымдылық қоры төрағасының алға қойған мақасаттары да көп. Осындай қайрымдылық шарасын демеушілерімен бірлесіп 3 айда бір жасап тұруды жоспарлап отыр.
Адам өмірі баспалдақ сияқты. Бір жақсы қадам жасасаң, бір баспалдақ жоғары шығып, тағы да алдыға ұмтыласың. Алға қойған мақсатыңа тек адамгершілік құндылықтары, ізгілік әрекеті арқылы жетуге тырысасың. Себебі ізгіліктің жауабы ізгілік болмақ. Өмірдің ең қымбат сыйы – адам болып жаралу. Адамды адам ететін оның рухани адамгершілік қасиеті. Осындай керемет адамгершілік қасиеті бар, жүректері тек қана мейірім мен риясыз сүйіспеншілікке толы азаматтардың бар екені қуантады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жерлестеріміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай.



