Облыс орталығының Түркістан қаласына көшуі Кентауға көптеген оң өзгерістер алып келді. Бұл уақытқа дейін шалғайда жатқан шағын қала аталып келген кенді өңірдің аумағы ұлғайып, жаңа тынысы ашылғандай болды. Нақты статистикалық деректер келтіре кетейік, бүгінде Кентау қаласының жер қоры – 52 767 гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлер – 31,2 мың гектарды, елді мекендер – 10,8 мың гектарды, өнеркәсіп, байланыс т.б. – 414 гектарды, су қоры – 754 гектарды, босалқы 9510 мың гектарды құрап отыр.
11 973 мыңға жуық азамат жер кезегіне тіркелген
Қазіргі таңда Кентау қаласында бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында көптеген шаралар атқаруда. Жалпы ауыл тұрғындарын ортақ жайылыммен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы тапсырмасына орай атқарылуда.
Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпараттың жоқ екені даусыз. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер шашырап жатқанын айтқан Мемлекет басшысы Жолдауында Цифрлық платформа осының бәрін бір жерге жинақтап, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін реттейтінін айтты. Сондай-ақ, Президент игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталды. Үкімет пен әкімдіктер 2023 жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс екенін жеткізді.
— Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, — деді Президент.
Біз мақаламызды алдымен Кентау қалалық жер қатынастар бөліміне келіп түскен арыз өтініштерден бастасақ. 2023 жылдың1-шілдесінедейін бөлімге жалпы саны 876 өтініш түскен. Оның ішінде693 өтініш Е-өтініш электронды порталы арқылы, 352 өтініш E-license электронды порталы арқылы тіркеуге алынған. Өтініштердің 203-інде жер комиссиясында қаралған, 4-еуінде конкурс арқылы ауыл шаруашылық мақсатындажеручаскесінсұраған, алтауында коммерциялық нысан салу үшін жер телімін сұраған, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) алу негізінде бас тартылған, 72-інде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуді сұраған, 482-інде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту мәселесі айтылған, 232-інде қала әкімінің қаулысы қабылданған. Сала мамандарының мәлімдеуіне, қалада 2006 жылдан бүгінгі таңға дейін11 973мыңға жуық азамат жер кезегіне тіркелген.
Кентау қаласының шекарасын өзгерту бойынша айтар болсақ. 2021 жылдың 29 қарашасында Кентау қалалық әкімдікпен қалалық маслихаттың бірлескен шешімімен «Кентау қаласы аумағына Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75 552 гектар жерді Кентау қаласына қосу жолымен Кентау қаласы шекарасын 128 319 гектарға өзгерту туралы» ұсыныс Түркістан облысының әкімдігіне және Түркістан облысының мәслихатына енгізіліп, «Түркістан облысы Кентау қаласы және Сауран ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2/13-VIІI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 02мамырдағы №80 қаулысына сәйкес бірлескен қаулы және шешім қабылданды.Бүгінгі таңға 4-министрліктен келісім алынып, ҚР Үкіметі келісім берді.
Жалпы Сауран ауданынан Кентау қаласына қосылатын жер көлемі 75 552 гектарды құрап отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлер – 40 173,16 мың.гектарды,елді мекендер – 127,73 гектарды,өнеркәсіп, байланыс т.б. – 335,48 гектарды,су қоры – 497,98 гектарды,ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері-34 424 мың.гектарды құрап отыр.
Кәсіпкерлік мақсаттағы 111 жер учаскесі пайдаланылмай бос жатыр
Кентау қаласы және қалаға қарасты ауылдар аумағында кәсіпкерлік мақсатта берілгенімен пайдаланылмай жатқан, ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді анықтау және берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында ағымдағы жылы Кентау қаласында пайдаланылмай жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы 111 жер учаскесі анықталды. Жер көлемі18,23 гектарды құрады.Әрі қарай, бөліммен АКТ түзіліп,Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінемемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті шаралар атқару үшін (26.05.2023 жылғы №229-01/288 хатымен)жолданды. Мерзімі келгенде сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
Қалаға қарасты ауылдардағы жер телімдерін түгендеу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіліп, Байылдыр, Ащысай ауылдары бойынша 21 кәсіпкерлік мақсаттағы жер анықталып, толығымен игеруге кіріскен.Хантағы ауылы бойынша ауыл аумағында жалпы 31 кәсіпкерлік мақсаттағы жердің бар екені белгілі болып, оның ішінде пайдаланылмай жатқан 3 жер телімі анықталды.Қарнақ ауылы бойынша жалпы 126 кәсіпкерлік мақсаттағы жер анықталып, пайдаланылмай бос жатқан 16 жер телімі анықталды.
Жалпы ауылдарда пайдаланылмай жатқан 19 (жалпы алаңы 1,9 га) бос жер учаскелері бойынша АКТ түзіліп, ҚР Жер кодексінің 14-1, 147 баптарына сәйкес Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданды (26.05.2023 жылғы №229-01/288хаты).Мерзімі келгенде сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Айта кетейік, кәсіпкерлік мақсаттағы анықталған жер көлемі 20,1 гектарды құрап, 130 жер пайдаланушы анықталды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу бойынша да тиісті жұмыстар қолға алынып, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына сәйкес Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингі жүргізілді.
Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Баубектің айтуынша, егістікте ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты жүргізілетін мониторинг «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бекітілген бұйрығына сәйкес қыркүйек пен қараша айлары арасында өткізіледі. Ал, жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы қаралады. Және жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органдардың сұранысы бойынша жүргізіледі.
— ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан 45 жер учаскесі жалпы алаңы 6204,41 гектарды (жайылым) құрайтын жер учаскесіне бөлім тарапынан акт түзіліп, мемлекет мемлекет меншігіне қайтару шаралары үшін Жер кодексінің 14-1, 147 баптарына сәйкес Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданды(13.03.2023 жылғы №229-01-01/832 хаты).Ауыл шаруашылық айналымға тартылған ауыл шаруашылық жерлерінің үлесін 2023 жылы 262 гектарға, 2024 жылы 301,3 гектарға, 2025 жылы 304,8 гектарға, 2026 жылы 331,3 гектарға, 2027 жылы 344,5 гектарға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету үшін Қарнақ ауылына 7520 гектар жер учаскесі берілді. Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы және «Жер Аманаты» жұмыс тобы биыл 1000 гектар жер учаскесін қайтаруды жоспарлап отыр, — дейді А.Баубек.
Пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Ресаубликасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша жоспары әзірленіп, облыс әкімдігімен бекітілді. Жер ресурстарын басқару департаменті Кентау қаласына 8000 гектар жер учаскесін жоспарлаған болатын.Осы жоспарды орындау мақсатында Кентау қаласы әкімдігінің 12.05.2023 жылғы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» 45 шаруа қожалыққа тиесілі 6204,41 гектар жер учаскелеріне №133 санды қаулысы қабылданды.
— «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-ы тарапынан Кентау қаласы және Сауран ауданының шекарасының өзгеруіне байланысты Кентау қаласы бойынша «жер инспекциясы» кабинетіне пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелерінің тізімін жолдамаған.Сонымен қатар, биылдан бастап «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-ы тарапынан ауылшаруашылық жерлерден бөлек елді мекен жерлеріне ҚР заңнамаларын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлер бойынша космомониторинг арқылы түгендеу жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 10-бабының 1-тармағына сәйкес Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын арттыру бойынша бюджет есебінен қаржы қаралып алдағы уақытта жұмыстар жүгізілетін болады.Қазіргі таңда Кентау қаласы 5 аймаққа бөлініп базалық ставка 510 теңге құрап отыр. Алдағы уақытта Кентау қаласы бойынша 3 аймаққа бөлініп базалық ставканың жобасы 850-890 теңге құрайтын болады.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына сәйкес Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн белгілеу бойынша бюджет есебінен қаржы қаралып алдағы уақытта жұмыстар жүгізілетін болады.Кентау қаласы бойынша 3 аймаққа бөліп I-аймақтың түзету коэффиценті 1,3, II-аймақ-1,1, III-аймақ-0,7 коэффицентке өзгерту жоспарланып отыр, — дейді бөлім басшысы.
Жалпы былтыр Түркістан облысында 1034,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Оның ішінде мақсатсыз пайдаланылған 412,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылса, 622,6 мың гектарды қайтару ірі жер пайдаланушылармен меморандум жасау арқылы жүзеге асқан. Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 330 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.
Бұл мәселе біздің өңірде өте өзекті. Кей ауылдарда әлеуметтік араздықтардың туындауына бірден-бір себеп болып отыр. «Жайылым тең бөлінбейді, тең қаралмайды» дегенді алға тартады тұрғындар. Міне, сондықтан сала мамандары ауылішілік мал көлемін ұстаудың шекті бөлігін енгізіп, қалғанын жайылымға жіберуді ретке келтіру қажет екенін айтады. Бір жағынан осылай реттелмесе, ауылда жайылым жер жетпейтіні белгілі.
Былтыр заңсыз табысталып, пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыз жолданған. Оның 45-і оң шешімін тауып, 4751,6 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп 521,7 мың гектар жайылым жер шаруаларға үлестірілді. Облыста жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 860,4 мың гектарды құрайды.