Биыл облыста 1-сыныпқа 51 мыңнан астам бала барды. Ал, былтыр 53 799 шәкірт мектеп табалдырығын алғаш аттаған еді. Бүгінде өңірімізде 1 мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім ала бастады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны – жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сі пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынбақ.
Жалпы облыста білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу көзделген. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен, үшеуі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен, 21-і жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, 9-ы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен бой көтереді. Биыл осы мектептердің 20-сы оқушыларды қабылдады.
Кентау қаласында да білім саласын дамыту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар атқарылуда. Айта кетейік, Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 25 (2 жекеменшік) мектеп, 33 (19 жекеменшік) балабақша, 3 мектептен тыс мекеме жұмыс жасайды. Биылғы жылға бюджеттен Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерге жалпы 16 546 627 ,0 мың теңге, оның ішінде «жан басына қаржыландыру» нормативі бойынша қаржыланатын 13 мектепке 7 360 738,0 мың теңге қаралды. Ал, ұстаздардың жалақысынан бөлек, жалпыға міндетті білім беру қорына 233 086,0 мың теңге бөлініп 1,9 %-ға жетіп отыр.
№1, 4, 17, 24 мектептердегі кемшіліктер жойылды
Қыс мезгілі таяп қалғандықтан, алдымен мектептердің жылу маусымына дайындығы туралы да айта кетейік. Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік 40 білім нысаны бар, оның ішінде 23 мектеп, 14 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. (Жекеменшік 2 мектеп, 19 балабақша, жалпы 21 мекемеме).Орталықтандырылған жылу жүйесіне (ТЭЦ-5) – 26 мекеме (13 мектеп, 10 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме) қосылса, автономды — 14 мекеме шағын қазандықпен (10 мектеп, 4 балабақша) жылытылады.
Мекемелердің жылу жүйесін қысыммен үрлеп, жуып – шаюға (гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстарына) бюджеттен – 4061,8 мың теңге бөлініп, жуып-шаю жұмыстары аяқталды.
Сұйық отынмен жылытылатын 6 мектепке (№7, 8, 9, 10, 19, Қашқари) 90 602,0 мың теңгеге 348,684 литр сұйық отын (1 литрі – 232 теңге 1 тиын) алынып, жауапкерлік сақтауға қойылды. Жеткізуші мердігер – «Универсал РК» ЖШС-гі. Ал, қатты отынмен жылытылатын 5 мектепке (№8, 11, Қарнақ, Шаштөбе, №15) 14 606,6 мың теңгеге 1 169 тонна қатты отын (1 тоннасы-12495 теңге) жеткізуді «Исабеков К.К.» ЖШС-гі жеңіп алып, келісімшарт жасалды.
2023 жылы 2 мектепті жылу жүйесін газдандыруға өткізу жоспарланып, бүгінгі таңда Д.Қонаев атындағы мектеп пен А.Молдағұлова атындағы №19 мектептің техникалық құжаттары мен жобалық сметасы жасалып 54 млн 403 мың тенге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда жылу жүйесін газбен жылыту жүйесіне ауыстыру жұмыстары басталды.
Жылу маусымына байланысты жылу қазандығы орналасқан 10 орта білім беру нысандарының екеуінің (№7,8,15,Қарнақ) жылу қазандықтарының жүйелерінде ақау анықталып, бюджеттен 9 млн 637 мың тенгеге смета жасалып, қаржы қарастырылды, оның №7,8 мектептерінде жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда толық аяқталып, қалған №15 мектеп пен Қарнақ мектептерінің жылу жүйесін жөндеуге мемлекеттік сатып алу жұмысы бойынша жеңімпазы анықталды. Жөндеу жұмысы аяқталды.
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №1, 4, 17, 24 мектептердегі оқу жылының соңында анықталған кемшіліктер, бүгінгі таңда жойылды, барлық жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жөндеу (сырлау, әрлеу, тазалау ) жұмыстарын жүргізу үшін — 10 831,1 мың теңге облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан қаржы қаралып, бүгінгі таңда мектептердегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. «Б.Момышұлы» атындағы №12 жалпы орта мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 700,0 мың тенге бөлініп, спорт залдың шатыры, әжетхана, жылу жүйесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әжетханасы жұмыстары жүргізілдіп жатыр. Қазіргі таңда спорт залдың шатыры, әжетхана жұмыстары толық аяқталды. Қалған жылу жүйесі, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әжетханасыаяқталды.
— 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстары №12 мен №24 мектептен басқа барлық мектепте, үш қосымша білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда әрлеу, тазалау, сырлау жұмыстары толық аяқталған. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №24 мектепке 38 069,7 мың теңге (2022 жылы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді), биылғы жылы №24 мектепке (жоба өтпелі) 353 609,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстары канализация құбырларын жөндеу, әжетханаларды жөндеу жұмыстары, шатырын 25 пайыз ауыстыру жұмыстары жоспарланып, толық орындалды.2023 жылға жоспарланған жұмыстар ішкі қабырларын толық қыру, сылау, әрлеу, электр желілерін толық ауыстыру, есік, терезелерін толық ауыстыру, шатыр жабынын толық ауыстыру, еден жабыны, ауа тазарту жүйесі, жылу жүйесі, өртке қарсы дабыл жүйесі, қас бет жұмысы жоспарланған болатын. Соның ішінде шатыр жабыны металло черепицаға ауыстырылу қажет болатын, бұл жұмыстар орындалды. Ішкі қабырғаларды қыру қайта сылау әрлеу жұмыстары да, электр желілерін, есік, терезелерді, еден жабындарын ауыстыру жұмыстары да толығымен атқарылды. Одан бөлек ауа тазарту жүйесі, жылу жүйесі, өртке қарсы дабыл жүйесі бәрі-бәрі ретке келтірілді.
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептерде жылу жүйесін қысыммен жуып–шаю жұмыстары толығымен жасалып, қазандық тұратын орындары ретке келтіріліп, 2023-2024 оқу жылына жоғарыда аталған жылу жүйесі мен қазандығы ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан үш (№12,15,Қарнақ) мектептерінен басқа мекемелер толық дайын болды.
Білім мекемелеріндегі (мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары) залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін – 5 667,0 мың тенге бөлініп, жұмыс толық жүргізіліп, аяқталды, — дейді Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А. Ауелбеков.
№19 және Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектептердің жылу жүйесі газға ауыстырылады
Жалпы бөлімге қарасты 23 мектептің барлығы кітапханамен қамтамасыз етілген. Биылғы оқу жылында оқулық қоры 1-2 сыныптарда «Цифрлық сауаттылық», «Бейнелеу өнері», «Көркем еңбек» оқулықтары беріліп, электронды оқулықтар 100% қамтамасыз етіледі. Болжам бойынша 87 773 кітап қоры беріліп, 173 990,2 мың тенге қарастырылады деп күтілуде.
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінің (мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары) 2023-2024 оқу жылына дайындығы туралы АКТ дайындалды. Тек №19 бен Д.Қонаев мектептерінде газға ауысуға байланысты, ал жылу жүйесі, қазандықтары ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатқан №12, №15, Қарнақ мектептерінің АКТ-ісі жақын күндері дайын болады деп жоспарлануда.
Кентау қаласында 2022 жылы 1905 мұғалім қызмет атқарды. Оның 1891-і жоғары білімді, 14-і арнаулы білімді.
Былтырғы оқу жылында жалпы мектептердегі педагогтардың сағаты 30794,5, орташа бір педагогте 17,1 сағат, орташа жалақысы қала мектептері бойынша 200 мың мен 500 мың теңге аралығын және ауыл мектептері бойынша 250 мың 623 мың теңге аралығын құрады.
Өткен жылы біліктілік арттыру курсынан өту үшін 571 педагогке сұраныс беріліп, барлығы курстан өтті, бұл 100% пайызды құрады.
2022-2023 оқу жылында 5 мектеп директоры, 24 қызметкер мектеп әкімшілігіне арналған курстан, 10 тәрбие жөніндегі орынбасары біліктілік арттыру курстарынан өтіп, біліктіліктерін арттырды.Бөлімге қарасты 25 мектеп болса, оның ішінде 23 жалпы орта мектеп, 2 жекеменшік мектеп жұмыс жасайды, онда 1-11 сынып аралығында 20 050 оқушы білім алып, 1905 ұстаз мұғалімдік қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 08 – қарашадағы №500 бұйрығына және Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып, мемлекеттік стандарт толық орындалды.
Нәтижесінде 2021-2022 оқу жылында бөлімге қарасты 23 жалпы білім беретін мектептер жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауда жоғары көрсеткіштер көрсетті. Ал 2022-2023 оқу жылында мектептердегіүлгерім пайызы – 100 пайыз,білім деңгейінің орта баллы – 4 балл, білім сапасы – 55,8 пайызды құрады. «Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайыз жоғары» дейді сала мамандары.
Қаламызда мектепке қабылдау жұмыстары толық автоматтандырылып, «mektep.smartnation.kz» порталы арқылы жүргізілді.2022-2023 оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныбына 2489 оқушы қабылданған болса, 2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа 2060 оқушы қабылданды.
Қала бойынша биылғы оқу жылында 857 түлек мектеп бітіріп, оның 788 оқушысы ҰБТ-ға қатысып, 69 оқушысы ҰБТ тапсыруға барған жоқ. ҰБТ-ға бармағандардың ішінде 65 оқушы өз еркімен, 1 оқушы үйде оқытылғандықтан, ал 3 оқушы шет елдегі жоғары оқу орындарына түскендіктен ҰБТ тапсырмады.Мектеп бітіруші түлектердің арасында 43 оқушы «Алтын белгі», 54 оқушы «Үздік үлгідегі аттестат» алды.
Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 29,6 пайыз өсті
Білім саласындағы білім сапасын анықтаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізу болып табылады.
2022-2023 оқу жылында 7 мектеп (№5,6,12,15,4,22,14) және 7 балабақша (Айша бибі, Құлыншақ, Звездочка, Қобыланды, Әлия, Алмагүл, Сәуле) мемлекеттік аттестаттаудан бірінші кезеңінен сәтті өтіп, мектептердің 4,9,11 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін көрсетті. «Балапан» балабақшасы аттестаттаудың бірінші кезеңінен өтпей, екінші кезеңіне қалдырылды.Биылғы жылы 2 мектеп (17,24 мектептер) пен 1 балабақшаны (Таңшолпан) мемлекеттік аттестаттаудан 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізу жоспарлануда.2022-2023 оқу жылында мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілері арасында ротация іске асырылып, Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицей және Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектеп басшылары, «Көтем» мен «Жұлдыз», «Алмагүл» мен «Таңшолпан» балабақшаларының меңгерушілері ротацияланды.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Кентау қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 бірлікті құрайды. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 29,6 пайыз өскен. Оның ішінде жекеменшік балабақшалар үлесі – 55,5 құрайды. 33 мектепке дейінгі ұйымға 1-6 жас аралығындағы – 5878 бала қамтылып 95,5%, 3-6 жасқа межеленген индикатор көрсеткіші 100 пайыз орындалды.
Орындарды бөлудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың ықтималдығын азайту, ата-аналарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында балабақшаларға жолдама беру мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау автоматтандырылып, «SMARTNATION.BALABAQSHA» (смартнейшн балабақша) электронды парталмен жүргізілуде. Жалпы балабақшада 606 педагог жұмыс істейді. Олардың (156 педагог) 25,7 пайызы санатты ұстаздар.
Облыстық пән олимпиадасына қатысқан 50 оқушының 35-і жүлделі орын алды
Жалпы бөлімге қарасты 23 мектептің барлығы кітапханамен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы оқулық қоры 3 сыныптарда жаңартылады. Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, 2397 әдеби кітап сыйға берілді.Мектеп кітапханаларын автоматтандыру мақсатында «Е-КІТАПХАНА» портфолиосы енгізілді. Сонымен қатар, Ә.Бөкейханов атындағы №23 мектеп, Ахынтума атындағы №11 мектеп базаларында «COWORKING» (КОВЕРКИНГ) орталықтары ашылды.
Білім сапасының бірден – бір көрсеткіші – оқушылардың пәндік олимпиада.2022-2023 оқу жылында Республикалық оқушылардың олимпиадасының облыстық кезеңінде 50 оқушыдан 35 оқушы жүлделі орын, 4 Алғыс хаттар иеленіп, Республикалық оқушылар олимпиадасында жаратылыстану пәнінен 1 оқушы ІІІ жүлделі орын, гуманитарлық пәндер бойынша 4 оқушы ІІ және ІІІ жүлделі орын мен Алғыс хат иеленді.
Инклюзивті оқыту бойынша білім бөліміне қарасты 23 мектепте 0-18 жас аралығындағы ерекше оқытуды қажет ететін балалар саны – 396. Оның ішінде0-6 жас аралығында 65 бала мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленуде. 7-18 жас аралығындағы – 331, оның ішінде 75 оқушы инклюзивті біліммен қамтылса, 74 оқушы логопунктте қосымша мамандардың көмегін алады, 8 оқушы ықпалдастыра оқыту бағдарламасымен білім алуда, 174 оқушы үйде оқып тәрбиеленеді. Үйде оқытылатын оқушылар компьютер, оқулықпен қамтылған.
Инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген балалар үлесі 20%, инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген 4 мектепте арнайы сыныптар бар, мекеме үлесі 17% құрайды. Қазіргі таңда жалпы межеленген жоспарға сәйкес орындалды. Алдағы уақытта межені 80%-ға жету үшін 3 мектептен «логопункт», «әл-Фараби» атындағы №14 мектеп-гимназиясының базасында ресурстық орталық ашу жоспарлануда.
Қаладағы білім мекемелерінің ішінде кеңжолақты интернет желісіне 23мектеп қосылған.Оның ішінде 7 мектеп — 40 мб/с, 10 мектепте – 20 мб/с, 4 мектепте – 10мб/с, 2 мектепте 4 мб/с. Бұл 91,3% құрады.Ащысай ауылындағы 2 мектеп (№7 мен №8) 4 м/б спутниктік интернетпен қамтылған. Алдағы уақытта білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығын арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның кешендік жоспарына сәйкес 2022-2023 жылдары интернет жылдамдығы төмен мектептерді 20 Мб/с жылдамдыққа жеткізу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету» тапсырмасына сәйкес, қаламыздағы 25 (23-мемлекеттік, 2) мектеп, 33 балабақша (14-мемлекеттік, 19-жекеменшік) қоршаумен, бейнебақылау жүйелерімен, ішкі жылу санитарлық тораптармен 100% қамтамасыз етілген.
Мектептердегі қазіргі таңда 269 бейнебақылау камералары 2014-2021 жылдар аралығында орнатылған. 2023 жылы бекітілген террористік тұрғыдан осал обьетілерге қойылатын жаңа талап бойынша мектептерде қосымша 995 дана камераға сұраныс берілді.Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасынаң 23 млн 770 мың теңге қаражат қаралып, конкурс жарияланды.Қаладағы 23 мектепке дабыл батырмаларын орнатылып, облыстық полиция департаментіне қосылған.
Кентау қаласы бойынша жазғы сауықтырумен қамтуға жататын оқушы саны – 19961 бала. Жалпыға білім беру қорынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бюджеттен 25 млн 930 мың 282 теңге қаржы қаралып, қала сыртындағы лагерьге 800 баланы қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда 1 кезең бойынша 365 бала демалып келді.Мектепішілік сауықтыру алаңына бастауыш сынып оқушыларынан мектепте — 4150 бала тамақсыз қамтылды.
Бөлімге қарасты 3 қосымша білім беру мекемесі (С.Байтереков атындағы балалар саз мектебі, Кентау оқушылар үйі, Кентау сурет мектебі) бар. Онда 2434 оқушы қамтылып, бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылықпен айналысады. Онда спорт және техникалық бағыттар қосылып жалпы 5 бағытта 46 үйірме жұмыс жасайды, онда 1593 бала қамтылып, өз шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді. Онда спорт және техникалық бағыттар қосылып жалпы 5 бағытта 46 үйірме жұмыс жасайды, онда 1593 бала қамтылып, өз шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді. Кентау қаласы Т.Рысқұлов көшесі, 61- ғимаратта орналасқан Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан облысының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған орталығы» КММ-сі жабылып, ғимараты Кентау оқушылар үйінің қарамағына берілді. Онда спорт және техникалық бағыттар қосылып жалпы 5 бағытта 46 үйірме жұмыс жасайды, онда 1593 бала қамтылып, өз шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді. Кентау қаласында алғаш рет робото-техника бағытында жұмыс жасауға арналған «PABLAB» ашылды. Оны ашу үшін бюджеттен 50 млн қаржы қаралды.
Биылғы жылы қала бойынша Қарнақ, Хантағы, Құсшы ата ауылдарынан 386 бала тасымалданады. Бұл мақсатта 15 млн 937 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Қуантатын жағдай Хантағы, Қарнақ ауылдарына заманауи 2 автобус беріліп, 110 оқушы тасымалдануда.
Айта кетейік, биыл облыста 17 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ға жетті. Бұйыртса, оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2024-2027 жылдары халқы тығыз орналасқан аудан, қалалардан 2 Оқушылар сарайы мен 7 Өнер мектебі салынатын болады. Сонымен қатар,Түркістан, Арыс, Кентау және Леңгір қалаларында заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханалары ашылып, қызмет көрсетуде. Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында балалар үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және UNICEF-Қазақстанмен бірлескен UniSat білім беру хабының қатысуымен ғарыш әлемі орталығы ашылды.
Облыста балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5,9 млрд. теңге бөлінді. Қауіпсіздікті 6 бағытта жүргізіп, мәселені 100% шешу көзделді. Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, ол полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылмақ. Мемлекеттік 936 білім беру мекемесі 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылған екен. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымы толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Облыстағы 179 білім беру ұйымының 102 шақырым болатын қоршауы жаңғыртылды. Мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылуда.
Өңірімізде жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары түгел бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Яғни бұл мүмкіндікке 187 832 бала ие болды. Жыл соңына дейін оған облыстық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаралады.Ағымдағы жылы асханасы жоқ 110 мектепте оқушыны тамақтандыру мәселесі жақын орналасқан асханасы бар мектептер арқылы шешіледі. Сонымен қатар, ол мектептерге модульдік асхана орнату мәселесі қарастырылуда.Қазіргі таңда облыста 20 мектеп- интернаттағы тамақтандыру мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптесік шеңберінде шешіліп, асханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды.
Жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі міндеттерінің бірі – білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету. Бұл бағытта Түркістан облысында баспалармен келісімшарт жасалған екен. Осы жылы оқулықтардың 20 пайызы жаңарады. Осылайша 213 915 кітап жаңартылмақ.