gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда елді мекендерге газ құбыры тартылуда

30 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда елді мекендерге газ құбыры тартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Сауранда биыл жыл басынан бері 8 мыңнан астам тұрғын газға қол жеткізді. Жақында Жаңа Иқандықтардың көптен күткен қуанышына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов,  «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен  аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты.

–  Міне, көптен күткен Ибата ауылына көгілдір отын – газ келді.  Осы нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүргізілді. Ендігі жерде Сіздер қыс басталғанға дейін газ кіргізуді қолға алу қажет деп санаймын. Газ негізінен экологиялық таза отын, алдағы уақытта елді мекен халқының әл-ауқатын дамытуға серпіліс береді деп ойлаймын, – Зулфухар Жолдасов.

Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз үшін  2020-2021 жылдары арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Мердігер мекеме – «Күмбез Констракшн» ЖШС-гі. Жоба бойынша  44 көше газ құбыры тартылған. Айта кетейік, Ибата елді мекені бойынша жасалынған жобаның құны – 2 031,503 млн теңге. Ал, Ойық елді мекені бойынша жасалынған жобаның құны – 341,982 млн.теңге.

– Биыл ұлттық компания 19 елді мекенді газға қосты. Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асырудың арқасында Ибата ауылының 8 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Сонымен Түркістан облысында 14 ауданның 13-і газдандырылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сауран өңірінің Ойық, Бершінтөбе және Шоқтас елді мекендерін қосу жоспарлануда, – деді Санжар Жаркешов.

Жиында Ибата ауылының тұрғыны Дильназа Дилматинова тұрғындардың енді күл шығару машақатынан құтылатынын айтып, қуанышымен бөлісті.

— Ауылымызға көгілдір отын келгеніне ерекше қуаныштымыз. Осыған дейін отын жарып, көмір жағып күнелтіп келген ауыл халқы енді газдың игілігін көретін болады. Шаңырағымыздың жылуы артып, түтіннен тазарып қалғаны көңіліге жылулық сыйлайды. Басшыларға үлкен алғысымды білдіремін,- деді Дильназа.

Жалпы ауданда 36 елді мекеннің 8-і газбен қамтылған. Басқа елді мекендерге Президент тапсырмасына сәйкес, кезең-кезеңімен газ құбыры тартылатын болады.

Айта кетейік, өңірімізде газбен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында жалпы құны 60,3 млрд. теңге болатын 100 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 70 нысанның құрылысы аяқталады, қалған 30 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде биыл 56 елді мекеннің 145 мыңға жуық халқы табиғи газ пайдалануға мүмкіндік алатын болады.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше, биылдан бастап өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіле бастайды. Бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтетін болады. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі.

Previous Post

Шардарада тұрғындарды табиғи газбен қамту көрсеткішін 98 пайызға жеткізу жоспарланып отыр

Next Post

Кентауда Конституция күні аталып өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz